Абай ауданының Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай ауданының Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 30 қарашасына тағайындалсын.
- 2025 жылғы 30 қарашасына тағайындалған Абай ауданының Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және аудандық «Абай елі» газетінде жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы Д.Маратұлы
Сайлау
комиссиясының хатшысы Т.Сағынбаев
Қарауыл ауылы
2025 жылғы 22 қазан
№ 17