Бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

 

Конкурсты ұйымдастырушы «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекенжайы: 070100, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12 телефон нөмірі: 8 (72252) 9-15-05;          e-mail: abai_c@mail.ru (бір файл өлшемі 30 Мб-тан артпауы тиіс),  бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға  конкурс жариялайды:

Абай облысы Абай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психолог маманы 1 штат, лауазымдық жалақысы еңбек қызмет өтіліне байланысты 165 290 тенге (Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне, біліктілігіне байланысты өзгеше болуы мүмкін).

            Функционалдық міндеттері:

      ұйым жұмыскерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту және жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар әзірлеу мақсатында олардың еңбек қызметіне өндірістік психологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық факторлардың әсерін зерделейді;

      жоспар және әлеуметтік даму бағдарламалары жобаларын құрастыру, жұмысшыларға психологиялық факторлардың әсерін айқындау жөнінде жұмыстар жүргізеді;

      физиологпен бірігіп жұмыскерлердің жеке қасиеттерін, әртүрлі кәсіп пен мамандықтағы жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек қызметінің ерекшеліктерін, сондай-ақ кәсіптік іріктеуге, еңбектің психологиялық жағдайларын тексеруге, мүдделері мен бейімділіктерін, еңбекке қанағаттануларын анықтауға байланысты зерттеулер жүргізеді;

      жұмыс істейтідердің психикасына еңбек жағдайларының әсерін айқындау жөніндегі эксперименттерге қатысады;

      жұмыскердің жұмыс кезіндегі еңбек процестерін және психологиялық жай-күйін талдайды;

      социолог және өзге де мамандармен бірге әлеуметтік даму мәселелерін айқындауға қатысады;

      шешімін қажет ететін ең көкейтесті мәселелер мен проблемаларды (кадрлардың тұрақтамауы, еңбек тәртібінің бұзылуы, нәтижесі аз еңбек) іріктеуді жүзеге асырады, оларды тудыратын себептерді жою жолдарын айқындайды;

      жұмысшының жүйке-психикалық шиеленісуіне өндірістік ортаның әсерімен анықталатын қызметшілер лауазымдары мен жұмысшы кәсіптеріне егжей-тегжейлі психологиялық мінездеме және профессиограмма әзірлейді, адамның жеке еңбек мүмкіндігін оңтайлы пайдалану шарттарына қатысты, келешекте оның кәсіптік қабілеттілігінің дамуын ескере отырып ұсынымдар береді;

      жас жұмысшылар мен мамандардың өндірістік және кәсіптік бейімдеу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысады;

      психологиялық зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар, сондай-ақ әлеуметтік дамуды басқаруды жетілдірудің нақты бағыттары бойынша, еңбек процестерін оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, еңбек және тынығу режимдерін ұтымды белгілеуге, моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға, еңбек жағдайларын және адамның жұмыс қабілеттілігін арттыруға іс-шараларды әзірлейді, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      кадрлар тұрақтамауының себептерін талдау, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару талаптарын негізге алып, кадрларды іріктеу және оларды орналастыру, кадрлардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыскерлерді бейімдеу бойынша қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      ұйым басшыларына, сондай-ақ кадр және еңбек мәселелерімен айналысатын жұмыскерлерге өндірісті басқару және ұжымның әлеуметтік дамуының әлеуметтік-психологиялық проблемалары жөнінде консультация береді;

      ұжымда стресті жеңу, жанжалдардың алдын алу, жайдары және ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайдың өзге өлшемдерінің әдістеріне оқуды ұйымдастырады.

   

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

      I санатты психолог: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және II санатты психолог лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      II санатты психолог: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз психолог лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      санатсыз психолог: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 28.07.2025ж - 12.08.2025ж аралығында e-mail: abai_c@mail.ru электрондық почтасына  тапсыру қажет:

1) байқауға қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақша (нақты тұратын мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген );

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

              6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
              7) наркологиялық ұйымнан анықтама;

              8) соттылығы болмауы туралы анықтама;

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болады;

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады;

  • Конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
  • Кандидаттармен әңгімелесулер өткізу;
  • Конкурстың қорытындысын шығару;

 

Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді;

Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жәберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

 

Ұйым кадидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

  • Біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді. Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;
  • Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныстырылады.

Шағым жасау туралы ақпарат:

Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымданады.

 

               Анықтама алу үшін мынадай телефондарға хабарласуға болады:

 

                                                                                            8(72252) 9-15-05, Сағындықова Нұргүл Мақсұтқызы

                                                                                                        9-22-35  Қалдыбаева Венера Бейсенғазықызы

                                                                                                                                     e-mail: abai_c@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

__________________________

__________________________

                                                                                                                      __________________________

                                                                                                                                                   (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос азаматтық қызметші лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде сотылығы жоқ деген анықтама, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

                                                                                                           

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

Мекенжайы: __________________________________________________________

 

Байланыс телефоны: ____________________________________________________

 

e-maіl: ________________________________________________________________

 

ЖСН: ________________________________________________________________

 

_________                                             ______________________________________

(қолы)                                                     (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

 

 

"___"_______________ 20 __ ж.

Дата публикации
28 июля 2025