Бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

 

Конкурсты ұйымдастырушы «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекенжайы: 070100, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12 телефон нөмірі: 8 (72252) 9-15-05; e-mail: abai_c@mail.ru(бір файл өлшемі 30 Мб-тан артпауы тиіс),  бос азаматтық қызметшілауазымына орналасуға  конкурс жариялайды:

Абай облысы Абай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мәдени ұйымдастырушысы 1 штат, лауазымдық жалақысы еңбек қызмет өтіліне байланысты 124 941 тенге (Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне, біліктілігіне байланысты өзгеше болуы мүмкін).

               Функционалдық міндеттері:   

Мерекелер мен бос уақытты ұйымдастыру.

Сценарийлерді, тақырыптық бағдарламаларды әзірлеуге және құрастыруға қатысу.

. Қызмет алушылардың жалпы және мәдени көкжиегін кеңейту.

. Іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 Басқа мекемелермен және ұйымдармен өзара әрекеттесу.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық жүйелерді, цифрлық Мобильді қосымшаларды пайдалану.

 Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүзеге асыру.

 Жұмыс істеудің, тіршілік пен денсаулықты шектеудің халықаралық жіктемесін меңгеру.

ойын-сауық, тұрғындардың ойындық қатынасы мен демалысының ұжымдық түрлерін ұйымдастырады;

      сценарийлерді, тақырыптық бағдарламаларды, ұжымдық демалыстың ойын түрлерін, көркемдік безендіру, әуенмен әрлеу және техникалық жабдықтау жұмыстарын жасауға қатысады;

      концерттердір дайындау үшін сценарийлік жоспарлар жасайды, көркемдік және музыкалық жетекшілерді, хореографтарды, концертмейстерлерді, шығармашылық ұжымдарды, жеке әншілерді шақырады;

      эскиздер мен реквизит заттарын жасайды;

      концерттік бағдарламалардың фонограммасын дайындайды;

      шығын сметасын дайындайды және ұйым басшылығына бекітуге ұсынады.

 

               Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 

             санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды, "өнер және мәдениет" немесе "білім беру" мамандықтар тобы бойынша  кәсіби, орта білімнен кейінгі жоғары (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы:күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жауапкершілік,  стресске төзімділік, шыдамдылық, тез шешім қабылдау қабілеті, командада жұмыс істеу қабілеті, адалдық, ізгі ниет, ынта, ұйымшылдық.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 28.07.2025ж - 12.08.2025ж аралығында e-mail: abai_c@mail.ru электрондық почтасына  тапсыру қажет:

1) байқауға қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақша (нақты тұратын мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген );

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

              6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
              7) наркологиялық ұйымнан анықтама;

              8) соттылығы болмауы туралы анықтама;

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болады;

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады;

  • Конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
  • Кандидаттармен әңгімелесулер өткізу;
  • Конкурстың қорытындысын шығару;

 

Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді;

Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жәберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

 

Ұйым кадидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

  • Біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді. Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;
  • Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныстырылады.

Шағым жасау туралы ақпарат:

Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымданады.

 

               Анықтама алу үшін мынадай телефондарға хабарласуға болады:

 

                                                                           8(72252) 9-15-05, Сағындықова Нұргүл Мақсұтқызы

                                                                                          9-22-35  Қалдыбаева Венера Бейсенғазықызы

                                                                                                                                     e-mail: abai_c@mail.ru

 

Дата публикации
28 июля 2025