Бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекенжайы: 070100, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12 телефон нөмірі: 8 (72252) 9-15-05; e-mail: abai_c@mail.ru (бір файл өлшемі 30 Мб-тан артпауы тиіс), бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Абай облысы Абай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің массаж жасау жөніндегі мейіргер 1 штат, лауазымдық жалақысы еңбек қызмет өтіліне байланысты 142 638 тенге (Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне, біліктілігіне байланысты өзгеше болуы мүмкін).
Функционалдық міндеттері:
Қызмет алушыларды қабылдау кезінде дене қызуларын , қан қысымын өлшеу, дене тазалықтарын тексеру.
Медицина кабинетінің жұмыс орнының жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Пациенттерді массажға дайындайды, емшаралар жүргізу кезінде пациенттердің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.
Емдік (классикалық), сегменттік, нүктелік, спорттық, гигиеналық, косметикалық, аппараттық массаж, су асты душ-массажын жүргізеді.
Ерте балалық шақта балаларда массаж, массаж және жаттығу әдістерін қолданады.
Массаждың емдік дене шынықтырумен, физиотерапиялық ем-шарамен, тартумен, мануалдық терапиямен үйлесу қағидаларын сақтайды.
Медициналық массаж кезінде пайдаланылатын үй-жайларды, жабдықтарды және жарақтарды пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек гигиенасы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтайды.
Пациенттер мен медициналық персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, массаж кабинетінде инфекциялық бақылау талаптарын орындайды.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Кәсіби қарым-қатынастың моральдық-құқықтық нормаларын сақтайды, еңбек тәртібінің талаптарын орындайды.
Санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары медициналық ("Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша, "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавриат) жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе орта білімнен кейінгі ("Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат) немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бейіні бойынша медициналық білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, басқару қызметі бойынша біліктілікті арттыру курстары, мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 28.07.2025ж - 12.08.2025ж аралығында e-mail: abai_c@mail.ru электрондық почтасына тапсыру қажет:
1) байқауға қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақша (нақты тұратын мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген );
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) соттылығы болмауы туралы анықтама;
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болады;
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады;
Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді;
Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жәберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Ұйым кадидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныстырылады.
Шағым жасау туралы ақпарат:
Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымданады.
Анықтама алу үшін мынадай телефондарға хабарласуға болады:
8(72252) 9-15-05, Сағындықова Нұргүл Мақсұтқызы
9-22-35 Қалдыбаева Венера Бейсенғазықызы
e-mail: abai_c@mail.ru