Бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

 

Конкурсты ұйымдастырушы «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекенжайы: 070100, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12 телефон нөмірі: 8 (72252) 9-15-05; e-mail: abai_c@mail.ru (бір файл өлшемі 30 Мб-тан артпауы тиіс),  бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға  конкурс жариялайды:

Абай облысы Абай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің логопед маманы 1 штат,  лауазымдық жалақысы еңбек қызмет өтіліне байланысты      148 301 тенге (Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне, біліктілігіне байланысты өзгеше болуы мүмкін).

            Функционалдық міндеттері:

      Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейді. Тәрбиеленушілерге психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларын анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың құрылымы мен байқалу деңгейін анықтайды. Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, тәрбиеленушілермен топта және жеке жұмыс істеп, бұзылған функцияларын қалпына келтіріп, баланың әлеуметтік ортаға қалыптасуына көмек береді.

      Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагог мамандарға, ата-аналарға немесе олардың орнына қараушы адамдарға арнайы әдістерді қолдануда кеңес беріп, көмек берудің жолдарын қарастырады.

     Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай алуан түрлі әдістерді, формаларды пайдалана отырып тұлғаның жалпы мәдениетінің дамуына әсер етеді. Арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.

      Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады. Әртүрлі әдістемелік шараларға қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Компьютерді, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгеруі тиіс.

      Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағарту қызметін жүргізеді.

      Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғану және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін орындайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.

            Біліктілікке қойылатын талаптар: «Логопедия» мамандануы бойынша жоғары педагогикалық білім несесе «Логопедия» мамандануы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, (логопед мұғалім) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

     

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда соңғы 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 28.07.2025ж - 12.08.2025ж аралығында e-mail: abai_c@mail.ru электрондық почтасына  тапсыру қажет:

1) байқауға қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақша (нақты тұратын мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген );

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

              6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
              7) наркологиялық ұйымнан анықтама;

              8) соттылығы болмауы туралы анықтама;

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болады;

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады;

  • Конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
  • Кандидаттармен әңгімелесулер өткізу;
  • Конкурстың қорытындысын шығару;

 

Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді;

Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жәберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

 

Ұйым кадидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

  • Біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді. Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;
  • Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныстырылады.

Шағым жасау туралы ақпарат:

Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымданады.

 

               Анықтама алу үшін мынадай телефондарға хабарласуға болады:

 

                                                                                            8(72252) 9-15-05, Сағындықова Нұргүл Мақсұтқызы

                                                                                                        9-22-35  Қалдыбаева Венера Бейсенғазықызы

                                                                                                                                     e-mail: abai_c@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

__________________________

__________________________

                                                                                                                      __________________________

                                                                                                                                                   (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос азаматтық қызметші лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде сотылығы жоқ деген анықтама, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

                                                                                                          

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

Мекенжайы: __________________________________________________________

 

Байланыс телефоны: ____________________________________________________

 

e-maіl: ________________________________________________________________

 

ЖСН: ________________________________________________________________

 

_________                                             ______________________________________

(қолы)                                                     (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

 

 

"___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 июля 2025