Бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекенжайы: 070100, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12 телефон нөмірі: 8 (72252) 9-15-05; e-mail: abai_c@mail.ru (бір файл өлшемі 30 Мб-тан артпауы тиіс), бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Абай облысы Абай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, кадр жөніндегі инспекторы 0,5 штат, лауазымдық еңбекақысы 78 929 тенге. (Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне, біліктілігіне байланысты өзгеше болуы мүмкін).
Функционалдық міндеттері:
бастапқы есеп жүргізу құжаттамасының біріздендірілген нысандарына сәйкес ұйымның, оның бөлімшелерінің жеке құрамының есебін жүргізеді;
еңбекзаңнамаға, тәртібіға және ұйым басшысының бұйрықтарына сәйкес жұмыскерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және босатуды, сондай-ақ кадрлар жөніндегі өзге де белгіленген құжаттаманы ресімдейді;
жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді;
біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссияларға және жұмыскерлерді ынталандыру мен марапаттауға ұсынуға арналған қажетті материалдарды дайындайды;
еңбек кітапшаларын толтырады, есебін жүргізеді және сақтайды, еңбек өтілін есептеуді жүргізеді, жұмыскерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар береді;
еңбек кітапшаларында және жұмыс істейтіндердің өзге құжаттарына жазбалар жасайды;
жұмыскерлердің сандық, сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ұйымның жұмыскерлері туралы деректер базасына енгізеді, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын қадағалайды;
жұмыскерлерге демалыс берудің есебін жүргізеді, кезекті демалыс кестелерін жасауды және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
кадрлардың тұрақтамау себептерін зерделейді, оны төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
құжаттарды сақтаудың белгіленген мерзімдері аяқталғаннан кейін оларды архивке сақтауға дайындайды;
белгіленген есептілікті жасайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық және бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде осы ұйымда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 28.07.2025ж - 12.08.2025ж аралығында e-mail: abai_c@mail.ru электрондық почтасына тапсыру қажет:
1) байқауға қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақша (нақты тұратын мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген );
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) соттылығы болмауы туралы анықтама;
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болады;
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады;
Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді;
Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жәберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Ұйым кадидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныстырылады.
Шағым жасау туралы ақпарат:
Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымданады.
Анықтама алу үшін мынадай телефондарға хабарласуға болады:
8(72252) 9-15-05, Сағындықова Нұргүл Мақсұтқызы
9-22-35 Қалдыбаева Венера Бейсенғазықызы
e-mail: abai_c@mail.ru