Бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекенжайы: 070100, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12 телефон нөмірі: 8 (72252) 9-15-05; e-mail: abai_c@mail.ru (бір файл өлшемі 30 Мб-тан артпауы тиіс), бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Абай облысы Абай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері маманы 1 штат, лауазымдық жалақысы еңбек қызмет өтіліне байланысты 156 795 тенге (Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне, біліктілігіне байланысты өзгеше болуы мүмкін).
Функционалдық міндеттері:
құрылтай құжаттарын әзірлеуді жүзеге асырады;
заңды тұлғаларды тіркеуді, бағалы қағаздар эмиссиясының, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді;
акционерлердің (бөгде ұйымдардың) тізілімін жүргізу бойынша жұмысты үйлестіреді, кәсіпорын органдарының құқықтық негіздерін (жалпы жиналыстың өкілеттіктері туралы, директорлар кеңесі туралы, басқарма туралы, тексеру комиссиясы туралы ережелерді әзірлейді) анықтайды;
мүлікті сатып алу немесе бас тартуға байланысты мәмілелер (шарттар) туралы ережені әзірлейді;
кәсіпорын акцияларымен мәмілелерді үйлестіреді;
кәсіпорындағы дивиденттік саясаттың құқықтық негіздерін анықтайды және оны үйлестіруді жүзеге асырады;
кәсіпорынды кәсіпорынның қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша, нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
кәсіпорын бөлімшелерін, жекелеген мамандарды өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді;
кәсіпорын басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, тәртібі мен өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнамаларға сәйкестігін тексеруді, құжаттар жобаларының жауапты қызметкерлермен келісу кезеңдерін сақтауды тексеруді, құжат жобаларына қол қоюды, кәсіпорынның жауапты қызметкерлеріне заңнаманың өзгерісімен шартталған актілерге өзгерістер енгізу немесе бас тарту туралы ұйғарымдарды беруді жүзеге асырады;
кәсіпорында шарттық жұмысты жүргізеді, шарттық қатынастардың нысандарын анықтайды, шарттардың жобаларын әзірлейді, контрагенттер кәсіпорынға ұсынатын шарттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексереді, шарттардың жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдайды, шарттардың жекелеген түрлерін нотариалдық куәландыруды және (немесе) мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді;
кәсіпорындағы шартпен келісілген жұмыстарды талдайды, оны қайта қарау мен өзгерту бағдарламасын әзірлейді, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріндегі шарт бойынша жұмыстардың жағдайын тексереді;
кәсіпорындағы наразылық жұмыстарын жүргізеді, қарсы агенттерден түсетін наразылықтарды есепке алуды, оларды қарауды қамтамасыз етеді;
түскен наразылықтарға жауап дайындайды және түскен наразылықтарды қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы шешім жабаларын қабылдайды;
контрагенттерге наразылықтарды дайындауды, оларды жөнелтуді және контрагенттерге жіберілген наразылықтарды қанағаттандыруды бақылауды жүзеге асырады;
талап-арыз жұмысын жүргізеді, шарттық дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
талап-арыз өтініштері мен материалдарды дайындайды және оларды сотқа береді;
кәсіпорынға қойылған талаптар бойынша талап өтініштері көшірмелерін зерттейді, талап жұмыстары бойынша деректер қорын жүргізуді қамтамасыз етеді;
сотта кәсіпорын мүддесін білдіреді;
кәсіпорын қызметін жүзеге асыруға қажетті лицензиялар, рұқсаттар алу үшін өтінімдерді, өтініштер мен өзге де құжаттарды дайындайды;
кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты құжаттарды, материалдық жауапкершілік туралы шарттарды, кәсіпорында материалдық құндылықтардың түсу және қабылдау тәртібін белгілейтін нұсқаулықтарды, олардың қозғалысын есепке алу, дайын өнімді шығару және босату есебінің нұсқаулықтарын әзірлеуге қатысады;
қызметкерлердің материалдық жауапкершілігі туралы шарттарды тексереді және қол қояды;
қызметкерлерді жұмыстан босатылу мен ауысу, оларға тәртіптік жаза қолдану заңдылығын тексеруді жүзеге асырады;
тексерушілердің іс жүргізу әрекеттерін сақтауын, тексерушілердің қорытындыларының негізділігін және дұрыстығын, тексеру нәтижелерін ресімдеуді және іс жүргізу құжаттарын жасауды құқықтық бақылау мақсатында мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары кәсіпорында жүргізетін тексерулер кезінде кәсіпорынның мүддесін білдіреді;
кәсіпорында анықталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік қадағалау органдарында кәсіпорын атынан өкілдік етеді;
мемлекеттік қадағалау органдарында лауазымдық тұлғалардың кәсіпорынға заңсыз салынған әкімшілік өндіріп алуларға бағытталған әрекеттеріне арыздар дайындайды және жолдайды;
кәсіпорынның азаматты істер жөніндегі сотында өкілдік етеді;
талаптарды қабылдауға, талаптар бойынша жауап беруге және бітімгершілік келісімдерге қол қоюға құқылы;
кәсіпорын жұмысшыларына әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңесті жүзеге асырады, заңды құжаттарды құрастыруға құқықтық көмек көрсетеді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 28.07.2025ж - 12.08.2025ж аралығында e-mail: abai_c@mail.ru электрондық почтасына тапсыру қажет:
1) байқауға қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақша (нақты тұратын мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген );
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) соттылығы болмауы туралы анықтама;
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болады;
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады;
Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді;
Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жәберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Ұйым кадидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныстырылады.
Шағым жасау туралы ақпарат:
Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымданады.
Анықтама алу үшін мынадай телефондарға хабарласуға болады:
8(72252) 9-15-05, Сағындықова Нұргүл Мақсұтқызы
9-22-35 Қалдыбаева Венера Бейсенғазықызы
e-mail: abai_c@mail.ru
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос азаматтық қызметші лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде сотылығы жоқ деген анықтама, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________________________
e-maіl: ________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________________
_________ ______________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.