Бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Конкурс ұйымдатыруші «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекенжайы: 070100, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12 телефон нөмірі: 8 (72252) 9-15-05; e-mail: abai_c@mail.ru(бір файл өлшемі 30 Мб-тан артпауы тиіс), бос азаматтық қызметшілауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Абай облысы Абай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Еңбек терапиясы жөніндегі инструкторы 1 штат, лауазымдық жалақысы еңбек қызмет өтіліне байланысты 145 115 тенге (Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне, біліктілігіне байланысты өзгеше болуы мүмкін).
Функционалдық міндеттері:
Қызмет алушыларды бағдарламаларға сәйкес қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын, адам саудасының құрбандарын (бұданәрі – қызмет алушылар) шамасы жететін еңбекке тартады;
Қызмет алушылардың физикалық және психикалық жағдайын оңалту мақсатында емдеуші дәрігердің басшылығымен қамқорлықтағыларды еңбек терапиясына тартуға мүмкіндік беретін жағдайларды қамтамасыз етеді;
Еңбекпен емдеу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, құрал-саймандармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды ұйымдастырады, олардың сақталуы мен ұтымды пайдаланылуына жауап береді;
жабдықтарды, құрал-саймандарды, техникалық құралдарды, құрылғыларды жөндеу мен ретке келтіруді жүзеге асырады немесе ұйымдастырады, олардың жұмысын бақылайды;
қызмет алушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларын орындауын қамтамасыз етеді, оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді;
жоспарлау, есепке алу және есеп жүргізу бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі орташа деңгейдегі маман.
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыс өтілі мамандығы бойынша кемінде 1 жыл.
Мынадай құзыреттердің бар болуы:күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 28.07.2025ж - 12.08.2025ж аралығында e-mail: abai_c@mail.ru электрондық почтасына тапсыру қажет:
1) байқауға қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақша (нақты тұратын мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген );
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) соттылығы болмауы туралы анықтама;
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болады;
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады;
Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді;
Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жәберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Ұйым кадидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныстырылады.
Шағым жасау туралы ақпарат:
Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымданады.
Анықтама алу үшін мынадай телефондарға хабарласуға болады:
8(72252) 9-15-05, Сағындықова Нұргүл Мақсұтқызы
9-22-35 Қалдыбаева Венера Бейсенғазықызы
e-mail: abai_c@mail.ru