Бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекенжайы: 070100, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12 телефон нөмірі: 8 (72252) 9-15-05; e-mail: abai_c@mail.ru(бір файл өлшемі 30 Мб-тан артпауы тиіс), бос азаматтық қызметшілауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Абай облысы Абай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Дене шыyықтыру мұғалімі 1 штат бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек қызмет өтіліне байланысты 117 508 тенге (Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне, біліктілігіне байланысты өзгеше болуы мүмкін).
Функционалдық міндеттері:
қауіпсіздік қағидаларында белгіленген талаптарды сақтай отырып, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды , балаларды (бұдан әрі – қызмет алушылар ) бойынша жеке жаттығулар өткізеді;
емдеуші дәрігердің бақылауымен қызмет алушыларға арнайы таңдалған жаттығуларды, емдік тәсілдері мен режимдерін, емдік техникасын әдісін қолдана отырып, олардың физикалық және психологиялық-әлеуметтік статусында оң жетістіктерге жетуге жәрдемдеседі;
белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді;
жаттығуларды жасау кезінде өзін-өзі ұстау қағидаларын қатаң сақтайды және оларды қамқорлықтағылардың сақтауын бақылайды;
жұмыс басталғанда жаттығуды бастау үшін қажетті жабдықтардың болуын тексереді, жұмыс аяқталғанға дейін қызмет алушылардың жеке қауіпсіздіктерінің сақталуын қадағалайды ;
дәрі-дәрмек қобдишасының тиісті жағдайын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді;
Емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізу үшін бөлме, гимнастикалық заттар мен снарядтар дайындайды.
Сабақтарға дейін және одан кейін қызмет алушылардың әл-ауқатын бақылайды.
Дәрігердің тағайындауы бойынша емдік массаждың жекелеген түрлерін жүргізеді. Емдік дене шынықтыру жөніндегі дәрігермен бірлесіп емдік гимнастика схемаларын және дене жаттығулары кешендерін әзірлейді.
Гигиеналық гимнастикамен жеке және топтық сабақтар өткізуді жүзеге асырады, дене жүктемесімен функционалдық сынамалар жүргізеді, адамның физикалық дамуын, физикалық жұмысқа қабілеттілігін, сыртқы тыныс алу, жүрек функцияларын бағалайды.
Емдік дене шынықтырумен топтық және жеке айналысу үшін залдардың жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі мамандығы бойынша кемінде 1 жыл.
Мынадай құзыреттердің бар болуы:күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жауапкершілік, стресске төзімділік, шыдамдылық, тез шешім қабылдау қабілеті, командада жұмыс істеу қабілеті, адалдық, ізгі ниет, ынта, ұйымшылдық.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 28.07.2025ж - 12.08.2025ж аралығында e-mail: abai_c@mail.ru электрондық почтасына тапсыру қажет:
1) байқауға қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақша (нақты тұратын мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген );
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) соттылығы болмауы туралы анықтама;
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болады;
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады;
Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді;
Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жәберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Ұйым кадидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныстырылады.
Шағым жасау туралы ақпарат:
Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымданады.
Анықтама алу үшін мынадай телефондарға хабарласуға болады:
8(72252) 9-15-05, Сағындықова Нұргүл Мақсұтқызы
9-22-35 Қалдыбаева Венера Бейсенғазықызы
e-mail: abai_c@mail.ru