Бос азаматтық қызметші лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекенжайы: 070100, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12 телефон нөмірі: 8 (72252) 9-15-05; e-mail: abai_c@mail.ru (бір файл өлшемі 30 Мб-тан артпауы тиіс), бос азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Абай облысы Абай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері 1 штат, лауазымдық еңбекақысы 182 633 теңге қызмет өтілі мен біліктілігіне байланысты (Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне, біліктілігіне байланысты өзгеше болуы мүмкін).
Функционалдық міндеттері:
ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, ұйым теңгеріміндегі мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
есептік-экономикалық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметін қамтамасыз етеді және оған басшылықты жүзеге асырады;
қаржылық-экономикалық қызметті қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшенің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара қызмет ете отырып өз міндеттерін атқарады;
бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің құрылымы мен ерекшеліктеріне, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделе отырып есеп саясатын қалыптастырады;
есептердің жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарларын), үлгі нысандар көзделмеген, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау жөніндегі жұмысқа, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеуге, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін, шаруашылық операцияларды жүргізуді бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтауды және құжатайналым тәртібін қамтамасыз етуге басшылық етеді;
ұйымдағы және оның бөлімшелеріндегі бухгалтерлік есеп және есептіліктің оңтайлы ұйымдастырылуын есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру және заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды, есептеу мен бақылаудың дамыған нысандары мен әдістерін пайдалану арқылы қамтамасыз етеді;
ұйымның қызметі туралы, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және нақты бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады;
құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылылығын және дұрыстығын, өнімнің, орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) өзіндік құнының экономикалық негізделген калькуляцияларын жасауды, жалақы бойынша есеп айырысуды, салық және мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді, зейнетақы және өзге сақтандыру жарналарын, банктерге төлемдерді, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты дұрыс есептеуді және аударуды қамтамасыз етеді;
бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуына, ұйым жұмыскерлері жалақысының дұрыс есептелуіне, жалақы қорының жұмсалуына, негізгі құралдарға, тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатына түгендеу жүргізуге бақылауды, бухгалтерлік есеп және есептілік ұйымдарын тексеруді, сондай-ақ ұйым бөлімшелерінің құжаттарын тексеруді жүзеге асырады;
ішкі шаруашылық қорды айқындау, шығындар мен өнімсіз шығындарды тоқтату мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысады;
жетіспеушіліктердің, ақша құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;
ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша қаржылық зерттеулер жүргізуге мен материалдар ресімдеуге қатысады, қажет болған жағдайларда материалдардың тергеу және сот органдарына берілуін бақылайды;
ұйымдардың банкроттығын ресімдеу рәсімдеріне қатысады;
ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржы құралдарын жинақтау бойынша шаралар қабылдайды;
штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және өзге де шығыстар сметасының, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектер мен өзге де шығындарды бухгалтерлік есептен шығару заңдылығының қатаң сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіппен архивке тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді;
баланс жасауды және қаражат табысы мен шығысы туралы, бюджеттің пайдаланылуы туралы жедел жиынтық есептерді, өзге бухгалтерлік және статистикалық есептерді жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді және есептік ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді;
заманауи есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, тиімді жоспарлы және есептік құжаттаманы, бухгалтерлік есеп жүргізудің дамыған нысандары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады;
бөлімшелердің жұмыскерлеріне бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау, есеп беру және талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
бухгалтерия жұмыскерлеріне басшылық етеді.
- бекітілген смета бойынша кіріс-шығыстардың есебін жүргізу.
- барлық заңнамалық және бухгалтерлік құжаттарды сапалы толтыру.
- жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын уақтылы есептеп аудару.
- тиісті орындарға бухгалтерлік есептерді уақтылы жасау және тапсыру.
- бухгалтерлік құжаттардың есепке алынуын және сақталуын, олардың белгілі тәртіппен уақтылы мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз ету.
- бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатын қалыптастыру және оны уақтылы бекіту.
- мемлекеттік сатып алуды заңнамаға сәйкес жүргізу.
- бухгалтерлік есепті уақытылы жүргізу.
- мемлекеттік сатып алу жөнінде ақпаратты уәкілетті орындарға уақытылы тапсыру.
аудандық мәслихат сессиясына құжаттарды қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда соңғы 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 28.07.2025ж - 12.08.2025ж аралығында e-mail: abai_c@mail.ru электрондық почтасына тапсыру қажет:
1) байқауға қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақша (нақты тұратын мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген );
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) соттылығы болмауы туралы анықтама;
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болады;
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады;
Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді;
Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жәберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Ұйым кадидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныстырылады.
Шағым жасау туралы ақпарат:
Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымданады.
Анықтама алу үшін мынадай телефондарға хабарласуға болады:
8(72252) 9-15-05, Сағындықова Нұргүл Мақсұтқызы
9-22-35 Қалдыбаева Венера Бейсенғазықызы
e-mail: abai_c@mail.ru
________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос азаматтық қызметші лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Азаматтық қызметші лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде сотылығы жоқ деген анықтама, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________________________
e-maіl: ________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________________
_________ ______________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.