Абай облысының Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық  жүргізу құқығындағы «Риза» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ЖАРҒЫСЫ 

 Абай облысының Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық  жүргізу құқығындағы «Риза» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ЖАРҒЫСЫ 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Абай облысының Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Риза» (бұдан әрі Кәсіпорын) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурызындағы  №413-IV заңы, Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі» негізінде қызмет етеді.

1.2. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында әрекет етеді, заңды тұлғаның құқықтарына ие және дербес шаруашылық субъектісі болып табылады, Дербес баланысында жеке мүлігі, банкте есеп және басқа да шоттары, мөрі және мөртабаны, Кәсіпорынның белгісі, атауы болады.

1.3.Кәсіпорынның атауы мемлекеттік тілде: «Абай облысының Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Риза» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны». Орыс тілінде: «Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Риза» акимата Абайского района  области Абай. 2005 жылғы 05 қаңтар №702-ші Абай облысы Абай ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес құрылды.

1.4.Кәсіпорынның заңды мекен жайы: индекс 070100, ҚР, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Бекбосынов көшесі 42 үй.

1.5.Кәсіпорынға тиісті коммуналдық меншік құқық субектісінің қызметіне қатысты қызметтерді жүзеге асырушы орган және Кәсіпорынның құрылтайшысы «Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ болып табылады (бұдан әрі- уәкілетті орган).

1.6. «Абай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып табылады (бұдан әрі мемлекеттік басқару органы).

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты

 

2.1.Кәсіпорын қызметінің мақсаты елді-мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету;

2.2.Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) елді-мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету (сумен жабдықтау);

2) мемлекеттік автомобиль жолдарын күтіп ұстау;

3) мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелерін және құрылыстарды күтіп ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

4) спорттық-сауықтыру объектілерін, мәдениет және демалыс саябақтарын пайдалану.

5) Жылумен камтамасыз ету (ЭҚЖЖ 35302,35303,35306).

 

3. Кәсіпорынның құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі.Кәсіпорын мен уәкілетті органның, Кәсіпорын мен мемлекеттік басқару органының қарым-қатынасы.

3.1.Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында әрекет етеді, бұл Кәсіпорынның мемлекеттен мүлікті меншік ретінде алатын және Қазақстан Республикасы заңдылықтары шегінде құқықтық иелікті пайдалануды және осы мүлікке билік етуді жүзеге асыратын заттық құқығы болып табылады.

3.2.Кәсіпорын өз міндеттері бойынша оған тиесілі барлық мүлікке жауап береді.

3.3.Кәсіпорын меншік иесінің міндеттері бойынша оған тиесілі мүлікке жауапкершілікте  болмайды.

3.4.Мемлекеттік құрылтайшының уәкілетті орган немесе мемлекеттік басқару органының әрекетінен болған банкроттық жағдайлардан өзге жағдайларда Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мұндай жағдайларда мемлекет кредиторлардың талаптарын қанағаттындыру үшін соңғының қаражаттары жетіспеген жағдайда кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауап береді.

3.5.Кәсіпорынның қарамағында оның жарғылық мақсатында көрсетілген немесе оның қызмет өнімі болатын тек қана оның қызмет бабын қамсыздандыратын мүліктер болуы мүмкін.

3.6.Кәсіпорынның уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз құқығы жоқ:

     а) өзіне тиесілі ғимараттарды, құрылғыларды, жабдықтарды және Кәсіпорынның басқа да негізгі құралдарына билік етуге, ұзақ мерзімге жалға беруге (үш жылдан жоғары), уақытша қайтарымсыз мерзімге беруге;

     ә) филиалдар, өкілдіктер және қосымша кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкерлермен бірлескен кәсіпорындар және бірлескен өндірістер құруға, оған өзінің өндірістік және ақшалай капиталын салуға;

     б) үшінші тұлғаның міндеттері бойынша кепілдік беруге;

     в) қарыздар беруге.

3.7. Егер басқасы заңдылықтарда көрсетілмеген болса шаруашылық жүргізу құқығында өзіне бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын қозғалмалы мүліктерге кәсіпорын өздігінен билік етеді.

3.8. Кәсіпорын бюджетке және бюджеттен тыс қорларға шаруашылық субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдылықтарында көрсетілген барлық төлемдерді мерзімінде төлейді.

3.9. Кәсіпорынды мемлекеттік басқаратын орган келесі өкілеттіктерге ие:

     а) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын анықтауға;

     ә) Кәсіпорын қызметінің қаржылық-шаруашылық жоспарын, сонымен қатар жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді, олардың ұсынылу кезеңдерін және тәртібін қарауға және бекітуге;

     б) уәкілетті органға белгіленген мерзімде сәйкес есептердің ұсынылуымен Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерін бақылау және сараптау;

     в) Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған тәртіпте Кәсіпорынның басшысын тағайындау және оның аттестациясын жүргізу;

     г) Кәсіпорын мүлігінің белгіленген бағытта пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

     ғ) «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен өз құзіреті шегінде басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдау.

 

  1. Кәсіпорынды басқару құрылымы.

 

4.1. Кәсіпорынды заңды тұлға ретінде басқару органы болып мемлекеттік басқару органымен тағайындалатын және есеп беретін басшы болып табылады.

4.2. Мемлекеттік басқару органы Кәсіпорын басшысымен қарым-қатынасын Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 мамырдағы «Еңбек Кодексіне» сәйкес еңбек келісімін жасау арқылы рәсімдейді.

4.3. Кәсіпорын басшысы уәкілетті орган және мемлекеттік басқару органының алдында Кәсіпорын қызметінің жағдайына дербес жауапкершілікте болады.

4.4. Кәсіпорын басшысы дара басшылық принциптерінде әрекет етеді және кәсіпорынның қызметіне қатысты барлық мәселелерді өз құзыретіне және осы Кәсіпорын Жарғысына сәйкес өздігінен шешеді.

4.5. Кәсіпорын басшысы Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда, азаматтармен және заңды тұлғалармен өкілдік етеді. ҚР заңдылықтарымен бекітілген шегінде Кәсіпорынның мүлігіне билік етеді, банктік есеп-шоттар ашады, келісім-шарттар жасайды, сенімхаттар береді. Кәсіпорындағы барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.

4.6. Өз құзіреті шегінде және еңбек заңдылықтарына сәйкес, басшы кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, мадақтау шараларын қабылдайды және оларға сөгіс жариялайды.

 

  1. Кәсіпорын мүлкінің құрылу тәртібі және табысты бөлу.

 

5.1. Кәсіпорын мүлкін негізгі және айналымдағы қаржы, сонымен қатар құны Кәсіпорынның дербес балансында көрсетілетін құндылықтар құрайды.

5.2. Жарғылық капиталы 67 277 575  (алпыс жеті миллион екі жүз жетпіс жеті мың бес жүз жетпіс бес ) теңгені құрайды.

5.3. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және сонымен қатар Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында салым (үлес, пайда) бойынша бөлінбейді.

5.4. Кәсіпорынның мүлкі:

     Кәсіпорынға меншік иесі берген мүлік және қаражат:

     а) жеке қызметінің нәтижесінде  тапқан мүлкі (ақшалай кірістерді қосқанда);

     ә) заңда тыйым салынбаған басқа қайнар көздері есебінен қалыптасады.

5.5. Кәсіпорынды Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен белгіленген тәртіпте Республикалық меншікке бергенде немесе басқа мемлекеттік басқару органына бағыныштылыққа бергенде кәсіпорын өзіне тиесілі мүлікке шаруашылыққа бергенде кәсіпорын өзіне тиесілі мүлікке шаруашылық жүргізу құқығын сақтайды.

5.6.Осы Жарғының 3.6 тармағында көрсетілген мүлік келісімінен алынған қаражатты, егер басқасы уәкілетті органмен белгіленбеген болса Кәсіпорын дербес пайдаланады.

5.7.Кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігі белгіленген нормативтерге байланысты, Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен бекітілген тәртіпте мемлекеттік бюджетке аударылуға жатады.

5.8.Кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін, мемлекеттік басқару органы жергілікті қаржы органының келісімімен, алдыңғы жоспарланушы жылдың                 1 наурызына дейін белгіленеді.

 

  1. Мемлекет тапсырысы.

 

6.1.Кәсіпорын үшін мемлекет тапсырысын орындау міндетті болып табылады. Кәсіпорынның сатып алушы немесе сатушы ретінде жұмыстардан, қызметтерден келісім-шарт жасаудан бас тартуға, егер осы келісім шарт жасау мемлекет тапсырысымен ескерілген болса, құқы жоқ.

6.2.Мемлекеттің тапсырысы Кәсіпорынға мемлекеттік басқару органы арқылы жеткізіледі.

6.3.Мемлекеттік тапсырысымен қамтылмаған өнімдерді жұмыстарды, қызметтерді Кәсіпорын өздігінен іске асырады.

 

  1. Кәсіпорында өндірілетін тауарлардың бағасы.

 

7.1.Кәсіпорынмен өндірілетін және іске асырылатын қызметтер тауарлар, жұмыстар Кәсіпорынға оларды өндірудегі шыққан шығындарын толығымен өтеуді, оның қызметінің шығынсыздығын және өз кірісі есебіне қаржыландыруды қамтамасыз етуі керек.

7.2.Мемлекет тапсырысы есебінен орындалатын Кәсіпорынмен өндірілетін және іске асырылатын қызметтердің тауарлар, жұмыстар бағасын, 3.6 тармақта көрсетілген талаптардың есебімен, мемлекет басқару органының келісімі бойынша кәсіпорын белгілейді.

7.3.Мемлекет тапсырысынан тыс орындалатын Кәсіпорынмен өндірілетін және іске асырылатын өнімдер, жұмыстар, қызметтер бағасын кәсіпорын өздігімен белгілейді.

7.4.Кәсіпорынмен дербес өндірілетін қызметтерге тауарларға, жұмыстарға бағаның монополиялық өсуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.

 

  1. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

8.1.Кәсіпорын өз қызметінің жеке кірістер есебінен құралады.

8.2.Кәсіпорынға арнайы қаржы бөлу заңдылықта көрсетілген тәртіптермен жүргізіледі.

 

  1. Кәсіпорынның жұмыс уақыты және еңбек қатынасы.

 

9.1.Кәсіпорынның жұмыс уақытын мемлекеттік басқару органының келісімімен оның басшысы анықтайды.

9.2.Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығына сәйкес анықталады.

9.3.Кәсіпорынның еңбек ұжымын оның қызметіне қатысты қызметкерлер құрайды. Еңбек ұжымының өкілеттілігі Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдылықтарымен, осы Жарғымен және ұжымдық келісім-шартпен анықталады.

9.4.Лауазымдық міндеттемелер, еңбек қарым-қатнастары және қызметкерлердің еңбек ақы төлемінің жүйесі әрекеттегі Қазақстан Республикасы заңдарының және ұжымдық келісім-шарт шеңберінде Кәсіпорынның басшысымен анықталады.

9.5.Кәсіпорын Қазақстан Республикасы заңдарымен кепілдендірілген төменгі еңбекақы мөлшерін, еңбек талаптарын, әлеуметтік қорғау шараларын, сонымен қатар зейнетақы жинақтау қорына аударылымдарды қамтамасыз етеді.

 

  1. Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы төлемі.

 

10.1.Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшері жыл сайын мемлекеттік басқару органымен бекітіледі.

10.2.Қызметкерлерге еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық жалақы мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын өздігінен анықтайды.

10.3.Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) есепшінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін мемлекеттік басқару органымен бекітіледі 

 

  1. Тіркеу және есептілік.

 

       11.1.Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін сараптау және кірістерді мемлекеттік бақылау үшін Кәсіпорын өз қызметінің есебін жүзеге асырады, мемлекетпен белгіленген тәртіпте бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жүзеге асырады.

        11.2.Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жасауды құрылтайшы, салық және қаржы органдары жүзеге асырады.

 

  1. Кәсіпорынның жойылу және қайта ұйымдастырылуы.

 

12.1.Кәсіпорынды қайта ұйымдастырылуы бірігуі,қосылуы,жекеленуі,бөлінуі немесе ұйымдық-құқықтық нысанда қайта құрылуы және жойылуы жергілікті атқару органының шешімі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін. Кәсіпорынның қайта құрылуын және жойылуын мемлекеттік басқару органы, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңдылық актілерінде белгіленбеген болса, уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.

12.2.Жойылған Кәсіпорынның кредиторлардың талаптарын қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлігі уәкілетті органмен қайта бөлінеді. Жойылған кәсіпорынның кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгі қалған қаражаты,осы Кәсіпорынның мүлігін ақшаға айналдыру нәтижесінде алынған қаражатты қосқанда уәкілетті органмен қайта бөлінеді.

 

                     

 

 

Дата публикации
11 июня 2025