Абай ауданында мәдениет саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

Абай ауданында 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб жүйелі жұмыс жасап тұр. Онда, жалпы саны 138 адам аудан көлемінде халыққа мәдени тұрғыда қызмет көрсетіп, тұрғындардың рухани қажеттілігін қамтамасыз етуде елеулі еңбек етіп келеді.
2025 жылдың 5 айына 9 мәдениет ошақтары бойынша 72 мәдени іс-шара өтті.
2025 жылдың маңызды іс-шаралары:
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Әйелмен әлем әдемі» тақырыбында мерекелік концерт өтті.
Ауданымызда Ұлыстың ұлы күні- әз Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Қарауыл төбеде «Абай даналығы-әз Наурыз жаңғырығы» театрландырылған қойылыммен басталып, «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің концертіне жалғасты.
Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай, облыстық «Елден сәлем» атты өнер фестиваліне Абай ауданының өнерпаздары мен «Қаламқас» халық ән-би ансамблі Ақсуат ауданына өнер сапарымен барды.
Аудандық бюджеттен аудандық мәдениет үйі ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 35502936 теңге бөлінді. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер аяқталып, 23634000 теңгеге мердігер «КазҚұрлысГрупп» ЖШС жеңімпаз боп (Келісім шарт №88 2025 жылдың 8 сәуірі) анықталды. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыруды жүзеге асыру мақсатында, мәдениет нысандарына баруына жағдай жасау, қызмет көрсету бойынша Құндызды, Тоқтамыс, Кеңгірбай би ауылдық клубтарының, Көкбай, Қасқабұлақ ауылдық мәдениет үйлеріне тиісті құралдар орнатылып, пандустары шатырлану үшін жергілікті бюджеттен 2058201 теңге бөлінді.
Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер аяқталып, «ЖК Алтабаева» және «DAS» жеңімпаз боп анықталды. Құндызды, Тоқтамыс ауылдық клубтарының, Көкбай, Қасқабұлақ ауылдық мәдениет үйлерінің пандустарының шатырларын орнату үшін ЖК Алтабаевамен 2025 жыл 25 сәуір №95 Келісім шартқа қол қойылып жұмыстар 2025 жылдың 10 мамырында аяқталады. Кеңгірбай би ауылдық клубы ғимаратының пандусының шатырына «DAS» 2025 жыл 25 сәуір Келісім шартқа қол қойылып жұмыстар 2025 жылдың 17 мамырында аяқталады.
Құндызды ауылдық клубы ғимаратының пандусының шатырына 244588 теңге; (ЖК Алтабаева)
Тоқтамыс ауылдық клубы ғимаратының пандусының шатырына 244587 теңге; (ЖК Алтабаева)
Көкбай ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының пандусының шатырына 654437 теңге; (ЖК Алтабаева)
Қасқабұлақ ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының пандусының шатырына 244589 теңге; (ЖК Алтабаева)
Кеңгірбай би ауылдық клубы ғимаратының пандусының шатырына -670000 теңге; («DAS»)
Абай аудандық мәдениет үйіне ЛЭД экран сатып алынды. 12800799 теңге қаратжат, жеңімпаз «RekAPT» ЖШС.
Абай аудандық мәдениет үйінің фольклорлық ансамбліне жаңадан музыкалық аспаптар дабыл, литавра, контрабас, музыкалық аспаптардың ішектерін алуға 1969752 теңге.
Әртістердің сахналық киімдерін қалпына келтіру жұмыстарына және киім тігуге 2194000 теңге;

Дата публикации
10 июня 2025