Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысының
№ 1 хаттамасы
Қарауыл ауылы 21.05.2025 жыл.
Қатысқандар тізім бойынша.
Күн тәртібі:
1. Қарауыл және Кеңгірбай би ауылдық округтерінде жеке меншіктегі малдарды бағу жұмысы талапқа сай ұйымдастырылуын жүзеге асыру.
Е.Дүйсембеков - Қарауыл ауылдық округінің әкімі.
Д.Қасымжан - Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің м.а.
2. Абай ауданы әкімдігінің 05.03.2025 жылғы № 30 «Ауданның елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізу туралы» қаулысының Медеу ауылдық округінде орындалу барысы туралы.
Е.Кеңесбекұлы – Медеу ауылдық округінің әкімі.
Қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес қаулы етеді:
1. Қарауыл ауылдық округінің әкімі Е.Дүйсембековтің және Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің м.а. Д.Қасымжанның есептері қабылдансын.
Ұсыныс: Жеке меншік малды кооператив ұйымдастыру арқылы табынға шығарып, малшының қарауымен бағуды шешу жұмысын жалғастыру.
2. Медеу ауылдық округінің әкімі Е.Кеңесбекұлының есебі қабылдансын.
Ұсыныс: Ауыз су мәселесін шешу үшін жасалып жатқан жұмысты табанды түрде жалғастырып, шешу жолын қарастырсын.
3. Талқылау барысында көтерілген автожол бойындағы аялдама мен туалет орнату мәселесі Қоғамдық кеңес атынан аудан әкіміне ұсыныс түрінде кіргізілсін.
Қоғамдық кеңес төрағасы: М.Еділбаев
Қоғамдық кеңес хатшысы: А.Бакирова