2025 жылы қаңтар-мамыр айлары аралығында аудан әкімі жеке және заңды тұлғалардың 39 өкілдерін қабылдады. Қабылдауда тұрғын үй, жұмыспен қамту, ТҮКШ мәселесі, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлікті дамыту бойынша несие мәселесі, білім гранты сұрағандар мәселелері көтерілді.
Қабылдау барысында 2 азаматқа материалдық көмек, 1 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, 2 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 1 азаматтың жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1 азаматтың үйінің қоршауы жөнделді. Барлық өтініштерге хаттама жасалып «е-otinish» және «Бұлтты құжат айналымы» (ОДО) ақпараттық жүйесіне тіркеледі. Мерзімі бұзылған өтініштер тіркелген жоқ.
Абай ауданы әкімі аппараты мен ауылдық округ әкімі аппараттарына, дербес бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан 151 өтініш келіп түсті,
Мәселелердің сипаты:
Жер қатынастары және ауылшаруашылығы мәселесі – 23 өтініш, жер учаскесінің құқық түрін жеке меншiкке ауыстыру – 6, тұрғын үй сұрағандар – 11, жол мәселесі – 1, әлеуметтік көмек – 1, электр желісі – 2, жұмыс сұраған – 8, ұсыныс, хабарлама, сұраныс – 39, интернет желісі (оптикалық байланыс) – 4, қаржы мәселесі (шатасып түскен қаражатты қайтару) - 13, басқа да өтініштер – 15, 28 өтініш кері қайтарып алынды.