ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 04 мамыр күні Абай ауданы, Көкбай, Қасқабұлақ және Архат ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Абай ауданы Көкбай, Қасқабұлақ және Архат ауылдық округтері әкімдерінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Көкбай сайлау округі
Көкбай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 823 азамат енгізілді, олардың 467 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған – 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ахметов Ербол Рашитович – 7; Қаскенов Құрмет Қайратұлы – 270; Мұқаев Жандос Баубекұлы – 185.
Көкбай ауылдық округінің әкімі болып Қаскенов Құрмет Қайратұлы сайланды, 1993 жылы туған, «Қарауыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Қарауыл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан.
Қасқабұлақ сайлау округі
Қасқабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 598 азамат енгізілді, олардың 579 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны– 6, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған – 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Досова Айгуль Муратбековна – 47; Исабеков Мирас Дәулетбекұлы – 52; Құсайынов Алмат Талғатұлы – 474.
Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі болып Құсайынов Алмат Талғатұлы сайланды, 1993 жылы туған, 32355-к әскери бөлімінің командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Семей қаласында тұрады, өзі-өзін ұсынған.
Архат сайлау округі
Архат ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 515 азамат енгізілді, олардың 425 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған – 19.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Молдаханов Ринат Жанатбекович – 344; Нұрғалиев Думан Тұрдығалыұлы – 58;
Архат ауылдық округінің әкімі болып Молдаханов Ринат Жанатбекович сайланды, 1984 жылы туған, «Архат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, әкім, Архат ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан.
Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы