Абай облысы Абай ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
Абай облысы Абай ауданы әкімінің аппаратының
мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Абай ауданы әкімінің аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлім өз қызметін Абай ауданы әкімінің және аппарат басшысының тікелей басшылығымен жүзеге асырады.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері
2.1. Аудан әкімінің, әкім орынбасарларының және аппарат басшысының қызметін құқықтық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету.
2.2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, оларды әділет органдарында тіркеу рәсіміне дайындау.
2.3. Мемлекеттік басқару органдарының құқықтық актілерін талдау және құқықтық сараптамадан өткізу.
2.4. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету және бақылау.
2.5. Әкімдік отырыстарын, жиналыстарын, кеңестерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу, қажетті материалдарды дайындау.
2.6. Аудан әкімінің және әкім аппаратының ресми құжат айналымын ұйымдастыру.
3. Бөлімнің функциялары
3.1. Аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу.
3.2. Аудан әкімдігі актілерінің құқықтық сараптамасын жүргізу.
3.3. Аудан әкімінің өкілдік және хаттамалық шараларын ұйымдастыру.
3.4. Аппараттың іс жүргізу және құжат айналымына әдістемелік басшылық жасау.
3.5. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру.
3.6. Қоғамдық кеңеспен, мәслихатпен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
3. Бөлімнің құқықтары мен жауапкершілігі
4.1. Бөлім өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру барысында қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.
4.2. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңға қайшы келмейтін шешімдер қабылдауға құқылы.
4.3. Өз құзыреті шегінде қабылданған актілердің заңдылығына жауап береді.
4.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықта болады.
5. Бөлімнің құрылымы және басқару
5.1. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Абай ауданы әкімінің аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі.
5.2. Бөлімді бөлім басшысы басқарады, ол аппарат басшысының ұсынысы бойынша аудан әкімінің өкімімен тағайындалады және босатылады.
5.3. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылық жасайды және бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.
Дата публикации
01 мая 2025