“Үздік ауыл” байқауы

БАЙҚАУ!!!

Абай ауданы әкімінің бастауымен ауданның 8 ауылдық округтерін көріктендіру (Қарауыл ауылдық округі қатыспайды) бойынша аудандық “Үздік ауыл” байқауы өтеді.

Байқаудың негізгі мақсаты:
Көшелерді көріктендіріп, көгалдандыру, фасадтарды әшекейлеу, ауылдардың сырт келбетін жақсарту.

Байқау қорытындысы: 1 маусым күні жарияланатын болады.

“Үздік ауыл” номинациясы бойынша:
І орынға- 20 млн теңге;
ІІ орынға -15 млн теңге;
ІІІ орынға -10 млн теңге көлемінде ауыл тұрғындарының ұсыныс пікірлері негізінде ауылға абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Ауданымыздың көркеюіне бірге ат салысайық!

Дата публикации
01 мая 2025