Абай ауданы әкімі аппаратының
персоналды басқару қызметі бөлімі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Бөлім басшысы ;
2) Бас маманнан тұрады.
2-тарау. Персоналды басқару қызметі бөлімінің
мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) Аудан әкімі аппартының мақсаттарына қол жеткізуге көмек көрсету;
2) Кадрлардың кәсіпқойлығы мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
3)Қажетті кадрлармен қамтамасыз ету, ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүддеделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру.
1) Персоналды басқару қызметі бөліміне оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді;
2) Персоналды басқару қызметі бөлімі Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді;
3) Оған Заңмен және осы Үлгілік ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;
4) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
5) Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру;
6) Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету;
7) Мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.
1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйесінде) арқылы жүргізу.
5) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
6) мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамыту, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;
7) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде);
9) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру.
10) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;
11) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.
12) Персоналды басқару қызметі бөлімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
3-тарау. Персоналды басқару қызметі бөлімінің қызметін ұйымдастыру