Абай аудандық қоғамдық кеңесінің ережесі

Абай аудандық қоғамдық кеңесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Абай аудандық қоғамдық кеңесінің ережесі (бұдан әрі –ереже) "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер немесе Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілері) өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.

Дата публикации
08 апреля 2025