«Қазақ мәдени орталығы «Нұр-Сана» Қоғамдық бірлестігінің Жарғысы

 «Қазақ мәдени орталығы «Нұр-Сана» Қоғамдық бірлестігінің Жарғысы

 

  1. Жалпы ережелер

1.1    «Қазақ мәдени орталығы «Нұр-Сана» Қоғамдық бірлестігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырады.

1.2    «Қазақ мәдени орталығы «Нұр-Сана» Қоғамдық бірлестігі қоғамдық бірлестік формасындағы комерциялық емес ұйым болып табылады, осы жарғыда көзделген алда тұрған мақсаттарына жету үшін құрылған.

1.3    Бірлестік өз қызметінің негізгі мақсатында пайда табуды көздемейді және алған пайданы қатысушылар арасында бөлмейді.

1.4    Бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еріктерімен, негізгі мүдделерін ортақтастыру негізінде, іс-мақсаттарын біріктіру нәтижесінде пайда болған ерікті бірлестік болып табылады.

1.5    Қоғамдық бірлестіктің толық атауы:

Мемлекеттік тілде: «Қазақ мәдени орталығы «Нұр-Сана» қоғамдық бірлестігі, орыс тілінде: Общественное объединение «Казахский культурный центр «Нур-Сана».

1.6     Бірлестік заңды тұлға болып табылады, жеке меншіктік құқығы бар, жеке мүлкі бар және осы мүлікпен өз міндеттемелеріне жауап береді, өз атынан мүліктік құқықтарды иеленеді және мүліктік құқықтармен міндеттемелерді жүзеге асырады, сотта талапкер және жауапкер болады. Бірлестіктің дербес балансы бар, мөрі және атауы көрсетілген ресми балансы болады.

1.7    Бірлестік өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бірлестік мүшелері де бірлестіктің міндеттемелеріне жауап бермейді.

1.8    Бірлестік өз қызметін төменгі принциптер негізінде құрады.

         - Бірлестікке еркін кіру және еркін шығу;

         - оның мүшелерінің теңдігі, әріптестік, диалог және бірлесіп қызмет ету;

- басқару органдарының жұмыстарындағы жариялылық және                  ұжымдылық;

  • бірлестіктің әр мүшесінің құқығын қорғау және өз көзқарасын білдіру, пікірін құрметтеу;
  • жалпы мәселелерді іске асыруда ынтымақтастық, қолдау, өзара көмек   беру;

1.9    Бірлестік жергілікті қоғамдық бірлестік статусына ие. Бірлестіктің Абай облысының аумағында филиалдар және өкілдіктер құруға құқығы бар. Филиалдар және өкілеттіктер заңды тұлға болып табылмайды, мүліктері бірлестік қаражатынан құралады, филиалдың немесе өкілеттіктің мүлкін басқаруда филиалдың директоры, бірлестіктің сенім хаты бойынша жүзеге асырады. Филиал немесе өкілдіктің өзінің мөрі, мөртаңбасы, өз атауы бар бланкілері болады.

1.10  «Қазақ мәдени орталығы «Нұр-Сана» Қоғамдық бірлестігінің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылдық округі, Қарауыл ауылы, Мамай көшесі, 40 үй, индекс 180014.

Дата публикации
08 апреля 2025