Абай ауданы әкімдігі жанынан
кәмелетке толмағандардың ісі және
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
Ведомствоаралық комиссия құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 14 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Абай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
- Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес комиссия туралы ереже бекітілсін.
- Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
- Абай ауданы әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ведомствоаралық комиссия құру туралы» аудан әкімдігінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 25 қаулысының күші жойылсын.
- Аталған қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Смагуловқа жүктелсін.
Абай ауданының әкімі М.Смагулов