Абай ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 жылғы «26» наурыздағы
№ 7 қаулысымен бекітілген
2025 жылғы 4 мамырға тағайындалған Абай облысы
Абай ауданы Көкбай, Архат, Қасқабұлақ ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
| 1. Ауданының маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы2025 жылғы 26 наурыз (113-1-б. 2,3-т.) | |
| 2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыСайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей2025 жылғы 4 сәуірден кешіктірмей (22-б.) | |
| 3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыСайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей2025 жылғы 4 сәуірден кешіктірмей (13-б. 4-т.) | |
| 4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыСайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей2025 жылғы 9 сәуірден кешіктірмей (17-б. 2-т.) | |
| 5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
| Аудан әкіміСайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде2025 жылғы 9 сәуірден кешіктірмей (23-б. 5-т.) | |
| 6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну | |
| Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтарЕгер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.2025 жылғы 27 наурыздан басталады және 2025 жылғы 8 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б. 1-т,.5-т.) | |
| 7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыКандидат тиісті құжаттарын ұсынғаннан кейін (4 б, 2т,)(113-5-б., 11-т.) | |
| 8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыӘкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1 тт., 31-б.) | |
| 9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыКандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде(113-4-б.) | |
| 10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы, паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырыпҚол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде(113-4-б. 8-т.) | |
| 11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2025 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі | |
| Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) | |
| 12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2025 жылғы 1 наурызға) | |
| Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) | |
| 13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру | |
| Мемлекеттік кіріс органдарыКандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) | |
| 14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыБарлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады.2025 жылғы 13 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады(113-5-б.1-т, 10-т,14-т.) | |
| 15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыКандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) | |
| 16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру | |
| Жергiлiктi атқарушы органдар және ауданының аумақтықсайлау комиссиясыҮгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) | |
| 17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу | |
| Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады2025 жылғы 13 сәуірде сағат 18.00-де басталады, 2025 жылғы 3 мамырда жергілікті уақытпен сағат 00.00-де аяқталады (27-б. 2-т.) | |
| 18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
| Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиясыСайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) | |
| 19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну | |
| Аудан әкіміДауыс беру басталардан жиырма күн бұрын2025 жылғы 14 сәуірге дейін (24-б. 5-т.) | |
| 20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыДауыс беретін күнге он бес күн қалғанда2025 жылғы 19 сәуірден бастап (26-б. 1-т.) | |
| 21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыДауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей2025 жылғы 24 сәуірге дейін(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) | |
| 22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыЕрте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын2025 жылғы 1 мамырдан ерте емес және 3 мамырға дейін (37-б. 3-т.) | |
| 23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыДауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда2025 жылғы 4 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) | |
| 24. Дауыс беруді өткізу | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыСайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) | |
| 25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыЖергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) | |
| 26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыХаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) | |
| 27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті ауданының (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну | |
| Учаскелік сайлау комиссияларыХаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) | |
| 28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыСайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей2025 жылғы 7 мамырдан кешіктірмей (113-10-б.) | |
| 29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыСайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей2025 жылғы 11 мамырдан кешіктірмей (44-б.) | |
| 30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру | |
| Тиісті аумақтық сайлау комиссиясыСайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімдеСайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін2025 жылғы 11 мамырдан кешіктірмей(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) | |
Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.