Абай облысы Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Абай ауданының Көкбай, Архат, Қасқабұлақ ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына сәйкес, Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай ауданының Көкбай, Архат, Қасқабұлақ ауылдық округтерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын:
- Көкбай ауылдық округінің әкімінің – Көкбай ауылдық округінің шекарасындағы Көкбай сайлау округі;
- Архат ауылдық округінің әкімінің – Архат ауылдық округінің шекарасындағы Архат сайлау округі;
- Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімінің – Қасқабұлақ ауылдық округінің шекарасындағы Қасқабұлақ сайлау округі.
- Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары және Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Абай елі» аудандық газетінде және Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Сайлау комиссиясының төрағасы Д.Маратұлы
Сайлау комиссиясының хатшысы Т.Сағынбаев
Қарауыл ауылы,
26 наурыз 2025 жыл
№ 6