Абай облысы Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Абай ауданының Көкбай, Архат және Қасқабұлақ ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай ауданының Көкбай, Архат және Қасқабұлақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың 04 мамырына тағайындалсын.
- 2025 жылғы 04 мамырына тағайындалған Абай ауданының Көкбай, Архат және Қасқабұлақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Абай ауданының сайлау комиссиясының интернет-парағында және аудандық «Абай елі» газетінде жариялансын.
Сайлау комиссиясының төрағасы Д. Маратұлы
Сайлау комиссиясының хатшысы Т.Сағынбаев
Қарауыл ауылы
2025 жылғы 26 наурыз
№ 7