Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабының 2-3- тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Осы шешімнің қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
Абай аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 24/17-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 410-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
КЕЛІСІЛДІ»
Абай облысы жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының басшысы
_______________________А.Нурлыбек