"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметті көрсету туралы
"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жері бойынша:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш ұсынады.
Үшінші тұлғалардың өтініші Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес сенімхат бойынша беріледі.
Мынадай құжаттар:
4) неке қию немесе бұзу туралы куәлік;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын (қамқоршылық белгіленген жағдайда);
6) "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамалар;
7) 18 жастан асқан отбасы мүшелерінің әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге жазбаша келісім (егер қамқоршы қамқоршымен бірге тұрады деп болжанған жағдайда) (еркін түрде).
Көрсетілетін қызмет алушының әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп тану туралы, кәмелетке толған қамқоршылық тағайындалатын адамның әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген туралы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бірінші басшысы туралы туралы (Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының мамаманы өтініш білдірген жағдайда) және жоғарыда аталған 2, 3, 4, 5, 6 тармақшалардағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. 18 жастан асқан әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге келісім электрондық сұраным "электрондық үкімет" порталы арқылы жеке кабинетке жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын беру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушіде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;
порталда – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының өзі жүзеге асырады.
Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ-мен электрондық өтінішті куәландырады.
Көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жүгінген адамның өтінішінен деректерді енгізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүгінген кезде өтініштен алынған деректер автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі".
Өтініш қабылдағаннан кейін және құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуға ниет білдірген адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін (бұдан әрі – акт) жасайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мен қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж азамат бір елді мекен шегінде тұруы қажет.
Мұқтаж азамат арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында (бұдан әрі – АӘҚКО) тұрған жағдайда, актіні жасау талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші актіні алғаннан кейін және қажетті құжаттар өңделгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау туралы бұйрық шығарады.
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 19 (он тоғыз) жұмыс күнін құрайды.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрық құжаттар немесе мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік мекеменің (ұйымның) ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтердің негізінде, атап айтқанда:
1) қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабiлеттi деп тану немесе қорғаншының немесе қамқоршының не қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өтініші бойынша оның әрекет қабiлетi шектелуiнiң күшiн жою туралы сот шешiм шығарған;
2) қамқоршының және/немесе әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адам қайтыс болған;
3) қорғаншының және/немесе әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі