Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша есебі.
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Абай ауданы бойынша 8782 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
«Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін құжаттар 136 (баламалы), 1,5 % құрайды;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 298 мемлекеттік қызметтер, 3,4 % құрайды;
Электрондық түрде 8380 мемлекеттік қызметтер көрсетілді (ЭҮП – 7713, ол 87,8 % құрайды; Е-лицензиялау – 309, ол 3,9 % құрайды; көрсетілген қызметті берушінің ақпараттық жүйелері – 284, ол 3,2 % құрайды;) 95,4 % құрайды. 120 бас тарту тіркелді, барлығы негізделген.
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша халыққа түсіндіру мақсатында ресми парақшаларда 13 тікелей эфир өткізілді, жергілікті «Абай елі» газетіне мемлекеттік қызметтер бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында 11 мақала жарияланды. Аудан тұрғындарын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 1 қабылдау күні өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармағына, «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қағидасы туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 8 желтоқсан 2016 жылғы № 78 санды бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппаратында 2024 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 6 бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Аудан бойынша 11 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына жауапты мамандар бекітіліп, мемлекеттік қызметтерді алушыларға тиісті ақпараттарды ұсынып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.