Абай ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2024 жылға арналған жоспары негізінде атқарған жұмысы туралы

Абай ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2024 жылға арналған жоспары негізінде атқарған жұмысы туралы

 Абай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы туралы:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында атқарылған жұмыстар:

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қазақ тілінде 4 бейнеролик әзірленіп, қоғамдық орындар мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда көрсетілді.

2.Барлық білім беру ұйымдарында «Парасаттылық сағаты» атты 2 бейне-дәріс түсіріліп, көрсетілді.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-үгіт материалдары дайындалып, таратылды.  Жалпы саны 1500 дана:

1) А4 форматындағы брошюралар – 500 дана;

2) А5, 2 түрдегі парақшалар - 500 дана.

3) винил негізінде өздігінен жабысатын плакаттар - 500 дана.

 4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көлемі 6х3 метр болатын 4 дана баннерлер басып шығарылып, ілінді.  

5.Абай ауданының тұрғындары арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» конкурсы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар сертификат және естелік сыйлықтармен марапатталды.

6.Мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке сектор қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында 3 семинар-тренинг өткізілді.

7.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және халықтың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Абай ауданынан қарасты барлық 9 ауылдық округтердің тұрғындары (респонденттер) қатысты.

8. Жастардың сауаттылығын арттыру және азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру бойынша ауданның барлық ауылдық округтеріндегі 10 оқу орындарында 10 кездесу өткізілді.

9.Аудан журналистері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта «Үздік журналистік жұмыс» конкурсы өткізілді. Жеңімпаздар сертификат және естелік сыйлықтармен марапатталды.

10.Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай шара өткізілді. Шараға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде «Мемлекеттік сатып алу» туралы Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуы жөнінде.

2024 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімдігінің аппараттық кеңесінде бөлім басшысының орынбасары Н.Бейсенбаев 2024 жылға бөлінген бюджет қаражаты бойынша мемлекеттік сатып алулар арқылы жүргізілетін конкурстардың заңдылығы, алға қойылған мақсаттар және конкурстық рәсімдердің уақытылы өткізілуі туралы баяндама жасады. Артынша аудан әкімінің орынбасары Қ.Жанғалиевтің, аудан прокуратурасы өкілдерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекеме есепшілерінің қатысуымен заңдылықты сақтау жөнінде семинар кеңес өткізілді. Кеңесте өткен жылдарда жіберілген қателіктерді қайталамау туралы жауапты тұлғаларға ескертулер жасалды.

2024 жылдың 6-7 ақпан күндері аудан әкімдігінің ұйымдастаруымен «Мемлекеттік сатып алу» туралы Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуы жөнінде және сатып алулар кезінде кездесетін өзекті мәселелер жөнінде «Алемсити» жеке кәсіпкерімен келісім шарқа отырып, ақылы түрде 2 күн семинар өткізілді.

Қазіргі уақытта аталған мекемемен мемлекеттік сатып алу бойынша жыл бойына сүйемелдеуге келісім шарт жасалып, жұмыстар атқаралып жатыр.

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ұйымдастыруымен Абай және Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушылары мен кәсіпкерлеріне 2025 жылдан бастап «Мемлекеттік сатып алу» туралы Қазақстан республикасы Заңына енетін өзгерістер жөнінде семинар өтті. Семинар барысында шешімін таппай жүрген мәселелер бойынша толықтай мәлімет алдық.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

ҚР Әкімшілік рәсімдік процессуалдық кодексінің 43-1 бабына сәйкес жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары енгізілді, олар 6 базалық бағытты көздейді. Төртінші базалық бағыт «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» немесе қысқартылған түрде №4 Үлгілік базалық бағыт (ТБН) болып табылады.

Осыған сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу  мақсатында 2024 жылы 13 наурыздағы «Абай ауданы әкімдігінің №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының жобалық топтарын құру туралы» Абай ауданы әкімі аппараты басшысының №33 бұйрығына сәйкес жобалық топтар құрылып және жобалық кеңсе бекітілді.

№4 Үлгілік базалық бағыт 4 жобадан тұрады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау.
  3. Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

№4 Үлгілік базалық бағыттың 1 жобасына сәйкес Абай ауданының әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, 32 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Тәуекелдерді жою мақсатында Абай облысының басқармаларына хаттар жолданып, хаттар министрлікке бағытталды. Барлық 32 сыбайлас жемқорлық тәуекелі жойылды.

2 жобаға сәйкес мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының сақталуына мониторинг жүргізілді.

3 жобаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісі ШЖҚ «Риза» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, 14 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, жойылды.

4 жобаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында барлық 63 мемлекеттік қызметшілер (100%) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын білуге тестілеуден өтті. Сонымен қатар Жобалық кеңсенің ұйымдастырумен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқықтық насихат жүргізілді (Аудан әкімдігінің сайтында мақалалар, Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирлер, т.б.).

Елді мекендерде (алаңдарда, көшелерде) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы сыртқы ақпаратты (билбордтарды) орналастыруды ұйымдастыру жұмысы жайлы

Абай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2024 жылы 8 баннер орналастырылған.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуі туралы

2024 жылы Абай ауданы бойынша салынып жатқан 70 пәтерге тұрғын үй бөлінісі жасалды. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 санды «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

2024 жылдың  қазан айының 24 күні Қасқабұлақ ауылында 2 пәтерлі, 3 тұрғын үйдің кілттері үй иелеріне табысталды. Тұрғын үй көлемі бойынша 4 пәтер 85 м2, 2 пәтер 65 м2. 2024 жылдың қараша айының 14 күні Саржал  және Медеу ауылдарының тұрғындарына тұрғын үй кілттері табысталды. Саржал ауылы бойынша 2 пәтерлі, 3 тұрғын үй, тұрғын үй көлемі бойынша 4 пәтер 85 м2, 2 пәтер 65 м2. Медеу ауылы бойынша 2 пәтерлі, 2 тұрғын үй, тұрғын үй көлемі бойынша 2 пәтер 85 м2,  2 пәтер 65 м2.

 2024 жылдың желтоқсан айының 2 күні Кеңгірбай би ауылы бойынша 2 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Көкбай ауылында желтоқсан айының 3 күні 2 пәтерлі 2 тұрғын үй беріледі. Тоқтамыс ауылы бойынша желтоқсан айының 4 күні 2 пәтерлі 1 тұрғын  үй беріледі. Архат ауылы бойынша желтоқсан айының 6 күні 2 пәтерлі 2 тұрғын үй беріледі. Қарауыл ауылы бойынша желтоқсан айының 9 күні Ертіс өзені маңындағы 2 пәтерлі 7 тұрғын үй беріледі. Қарауыл ауылындағы аурухана маңындағы 2 пәтерлі 7 тұрғын үй желтоқсан айының 10 күні тұрғын үй иелеріне қолдануға тапсырылады.

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары сақталуы туралы (жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша)

2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап Абай ауданы әкімі аппараты мен ауылдық округ әкімі аппараттарына, дербес бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан 250 өтініш келіп түсті.

Мәселелердің сипаты:

Жер қатынастары және ауылшаруашылығы мәселесі – 43 өтініш, ТҮКШ мәселесі – 8, тұрғын үй сұрағандар – 9, лауазымды тұлғаның әрекетіне – 4 (1 дубликат), қамқоршы тағайындау – 9, мүгедектер үйіне орналастыру – 1, әлеуметтік көмек – 7, жұмыс сұраған – 2, ұсыныс, хабарлама, сұраныс – 83, СДЯВ – 3, интернет мәселесі – 1 өтініш, қаржы мәселесі - 17, басқа жүйеге жолданғандар – 10, басқа да өтініштер – 11,        42 өтініш кері қайтарып алынды.

2024 жылы қаңтар айынан бастап аудан әкімі жеке және заңды тұлғалардың  155 өкілдерін қабылдады.


Қабылдау барысында 10 азаматқа материалдық көмек (1 тоннадан көмір 3 азаматқа, ақшалай 7 азаматқа) көрсетілді, 1 азаматтың құжаттары қалыпқа келтірілді, 1 азаматтың үйі қардан тазартылды, 2 азаматқа тұрғын үй берілді, 4 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Барлық өтініштер «е-otinish» және «Бұлтты құжат айналымы» (ОДО) ақпараттық жүйесіне тіркеледі.

Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруін ресімдеу кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін 14 адам алғаш мемлекеттік қызметке орналасты. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшіге қойылатын шектеулермен танысуы тиіс. Жұмысқа орналасқан барлық мемлекеттік қызметші шектеулермен жазбаша түрде таныстырылды. Бұл шектеулер мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы сенімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында енгізілген. Осылайша, мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Республика күніне орай мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде АНТ қабылдады.

Аудан халқының құқықтық мәдениетін арттыру барысында тиісті мамандардың қатысуымен (заңгер, сот орындаушысы, адвокат, нотариус. Т.б.) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша құқықтық оқыту жүргізу.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытының №4 жобасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Абай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру бөлімінің заңгері мына мекемелерде құқықтық насихат жүргізді:

  • «Абай облысы Абай ауданының дене тәрбиесі , спорт және туризм бөлімі» ММ
  • «Абай облысы Абай ауданының ауылшаруашылық, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» MM
  • «Абай облысы Абай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» MM
  • «Абай облысы Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
  • «Абай облысы Абай ауданы Қараауыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
  • «Риза» КМК
  • «Абай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
  • «Абай аудандық мәдениет үйі» КМК
  • «Абай аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ

Сонымен қатар, «Абай ауданы әкімі аппараты» ММ мына бөлімдерінде құқықтық нормаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

  • «Абай ауданы әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі»
  • «Абай ауданы әкімінің аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі»
  • «Абай ауданы әкімінің аппаратының Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу, ақпараттық технологиялар, және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Абай ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексінс ақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Абай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде төмендегідей жұмыстар атқарылды:

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қазақ тілінде 2 әлеуметтік бейнеролик әзірлеп, қоғамдық орындар мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда көрсетілді.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-үгіт материалдары  дайындалып, таратылды.  Жалпы саны 500 дана:

1) А4 форматындағы брошюралар – 200 дана;

2) А5, 2 түрдегі парақшалар - 200 дана.

3) винил негізінде өздігінен жабысатын плакаттар - 100 дана.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көлемі 6х3 метр болатын 4 дана баннер басып шығарылды.  

4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және халықтың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

5.Жастардың сауаттылығын арттыру және азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру бойынша ауданның барлық ауылдық округтеріндегі 10 оқу орындарында 10 кездесу өткізілді.

Дата публикации
01 февраля 2025