Бүгінде аудан бойынша аудан бойынша 9 орта мектеп, 1 жалпы білім беретін гимназия және 1 негізгі орта мектеп жұмыс жасайды.
2024-2025 оқу жылында осы мектептерде 1874 оқушы оқып білім алады. Оның ішінде оқу жылында 1 сыныпқа 196 оқушы, МАД тобына 209 бала қабылданды. Аудан бойынша 12 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. 6 балабақша (2 балабақша жекеменшік) және 6 шағын орталық. 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 786 бала толықтай қамтылды. Оқу жылында 2 қосымша білім беру мекемесі жұмыс жасайды. Саз және көркемсурет мектептері. Бұларда жыл ішінде 711 оқушы қосымша білім алады. Жиыны 528 мұғалім ұстаздық етеді. Ұстаздардың жоғары білімдісі – 469 (88,8%), арнаулы орта білімдісі-59 (11,1%), педагог-зерттеуші – 70 (13,2%), педагог-сарапшы– 131 (24,8%), педагог-модератор-183 (34,6 %), педагог санаттысы -127 (24,0%).
Қарауыл ауылында орналасқан Жалпы білім беретін орта мектебі ғимаратының сол жақ қанатынан Абай облысының білім басқармасына қарасты педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті ашылып, өз жұмысын бастады. Кабинеттің ашылу жұмыстарына облыстық бюджеттен 40 млн 147 мың тг қаражат бөлінді. Бүгінгі күні ерекше білім беруді қажет ететін тізімдегі 0-18 жас аралығындағы 33 балаға Монтессори, логопед-дефектолог, педагог-психолог, емдік денешынықтыру, музыкалық-ырғақ және әлеуметтік педагог – жиыны 9 арнайы маман тағайындалып, жұмыс атқарып отыр.
2024-2025 оқу жылында аудан бойынша білім мекемелерінде көп балалы отбасы саны - 470
-оның ішінде оқушы саны – 630, осының ішінде АӘК алатын отбасы саны – 53, бала саны – 83;
- аз қамтылған отбасы саны- 261
- оның ішінде оқушы саны – 286, осының ішінде АӘК алатын отбасы саны – 42, бала саны - 53
Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен 2024 ж 1 қыркүйегінде ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы негізінде бір реттік қаржылай көмек алу үшін 43 181 000 тг қаржы бөлінді. Бүгінгі күнде әлеуметтік осал топтан шыққан, жетім, қамқорлықтағы 847 оқушыға әр балаға шаққанда 43 442 тг қаржылай көмек көрсетіліп, мектеп формасымен, аяқ киім және оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда елімізде мектептер мен балабақшаларда сапалы тамақтануды ұйымдастыру мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың назарын аударған басым бағыттардың бірі болып отыр. Оқу жылы ішінде 1-11 сынып оқушылары әлеуметтік жағдайына қарамастан 1293 оқушы (69 %) толық ыстық тамақпен қамтамасыз етілді: 1-4 сынып – 707 оқушы, 5-11 сынып -586. Оның ішінде АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алатын отбасылардағы бала саны 142, аз қамтылған отбасылардағы бала саны 259, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім бала саны 7, көпбалалы отбасылардағы бала саны 623 оқушы.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 22 бала мектеп қабырғасында инклюзивті білім алып отыр. Үйден оқитын бала саны- 17. Бүгінде аудандық білім бөлімінде 9 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелген. Әр баланың атына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» жеке есеп шоты ашылған, сонымен қатар, балалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу мақсатында әкімдікке кезекке тұрғызылды. Қамқоршылық және қорғаншылық органы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау бойынша нақты жұмыстар атқарып, денсаулық сақтау және аудандық ішкі істер бөлімімен тығыз жұмыс жасалып отыр.
«Мектепке жол» акциясы негізінде 2024-2025 оқу жылында (аз қамтылған, көпбалалы отбасының балаларына) демеушілер есебінен 980 000 теңге қаражатқа 142 балаға сөмке, оқу-құралдар, маусымдық киімдер, қаржылай көмек т.б. көрсетілді.
Білім сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі-білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен қаржыландыру болып табылады. Бұл орайда ауданның білім беру жүйесіне мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі де жыл сайын өсуде.
2022 жылы қаржыландыру 3 млрд 567 млн 739 мың теңге,
2023 жылы қаржыландыру 4 млрд 177 млн 351 мың теңге,
2024 жылы қаржыландыру 4 млрд 341 млн 691мың теңге қаражатты құрады.
Абай облысының білім басқармасының қолдауымен Абай ауданының ЖББ Қарауыл гимназиясы білім мекемесіне 1 жаңа автобус берілді. Автобустың құны – 14 млн 200 мың тг қаражатты құрайды. Мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған шағын автобустың кілті Тәуелсіздік күніне орай мектепке табысталды. Лизинг бойынша сатып алынған автобус қосымша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіш құрылғылармен және 4 камерамен жабдықталған.
2024 жылға 368573,0 мың теңгеге сұранысқа сметалық құжаттар өткізіліп, 3 мектепке 13474,0 мың теңге қаржы бөлінді: Ш.Әбенов атындағы орта мектебінің ағымдағы жөндеуге 6184,0 мың теңге; Медеу орта мектебінің жылу трассасына 2008,0 мың теңге, қосымша 5626,0 мың теңге қажет; Мамай атындағы негізгі орта мектебінің ғимаратының электр жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5282,0 мың теңге. 2024 жылға «Amanat» партиясының «Кедергісіз келкшек» жобасын іске асыру шеңберінде 9 мекемеге 27017,0 мың теңгеге сметалық құжаттары өткізіліп, ЖОББМ 10000,0 мың теңгеден 2 кабинетке (физика, биология) 20000,0 мың теңге және Көкбай атындағы орта мектебіне физика кабинетіне 10000,0 мың теңге қаржы қаралды. Жалпы биылғы жылы ауданның білім саласына мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жиыны 77239,0 мың теңге қаражат бөлінді. ҚР Білім туралы Заңының 5-тармақшасына орай, ауданның білім беру ұйымдарының жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығы бойынша барлық білім беру мекемелерінің жылу жүйелері, оқу бөлмелері, спорт залдар, мектеп асханалары, кітапханаларының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ш.Әбенов атындағы орта мектебінің жөндеу жұмысына 3 338 мың теңге қаржыға, Мамай мектебінің электр жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2 млн 359 мың теңге қаржыға, Медеу мектебінің жылу трассасының жөндеу жұмысына 5 млн 397 мың теңге қаржыға, «Баян Байғожина атындағы бөбекжайы» КМҚК, «С.Бекбосынов орта мектебі» спортзалы, «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ асханасының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Барлық білім беру мекемелері күзетпен, өрт дабылымен және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бүгінде мектептерде барлығы 351 камера жұмыс жасап тұр, оның 265-і ғимарат ішінде, 86-ы сыртында орнатылған. Балабақшаларда барлығы 112 камера жұмыс жасап тұр, оның 96-ы ғимарат ішінде, 16-ы сыртында орнатылған. Аудан мектептеріндегі жалпы кітап қоры 71158 дана, негізгі қор 17075 дана, оқулықтар қоры 54083 дана. Жаңа оқу жылына облыстық білім басқармасынан 5334 данаға 13 млн 993 мың 744 теңге қаражат бөлініп, жетпейтін оқулықтарға толықтай сұраныс берілді. «М.Әуезов атындағы орта мектебі»КММ кітапханасы жаңа бөлмеге ауыстырылып, модификациядан өтіп, толықтай заманауи ресурстармен жабдықталды.
Білім жетілдіру курстарынан 164 педагог өтті. Бұл барлық мұғалімдердің 39,8 пайызын құрап отыр. Оның 22-сі білім беру саласындағы жетекші мамандар, әдіскерлер мен мектеп басшылары.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданымыздың 6 орта білім беру мекемесінде «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ арқылы SpaceX компаниясының Starlink спутниктік интернет желісі орнатылды. «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ «Қазақстан халқына» қолдау қорынан 250 млн теңге бөлінді. Бұл қомақты қаражатқа заманауи зертханалар, жаңартылған кабинеттер, интерактивті тақталар және 26 оқу кабинет, шеберханалар жабдықталып, жаңадан арт және телестудия кабинеттері ашылды.
Мектептердің компьютерлік базасы 2 оқушыға 1 компьютер үлесін құрайды.
Жалпы аудан бойынша 9-сыныпты 166 оқушы, 11-сынып бойынша 118 оқушы тәмамдады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 97 оқушы қатысты (82,2%). Нәтижесі бойынша орта балл 71,9 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда +1 ұпайға ілгерілеу байқалады. Ең жоғары балл 128, ең төменгі балл 28. 100 және 100 балдан асқан түлектер саны - 8. ҰБТ сынағына қатысқан 48 түлек ЖОО-ның мемлекеттік грантқа Freedom bank грантына 2 оқушы, Ректордың грантына 1 оқущы түсті. Аудан мектептері бойынша жалпы грант иегерлері 51, яғни мектеп бітірген түлектердің 53пайызы грант иегері атанды.
Алтын белгі – 5, Үздік аттестат – 8, Үздік куәлік – 23; Үздікке бітірген 406 оқушы Мақтау қағазымен марапатталды.
ББЖМ білім сапасын сыртқы бағалау қорытындылары бойынша 4-сынып нәтижелері облыс бойынша алдыңғы төрттіктен табылды: 4-орын (18,42 балл) көрсетті. Оқу сауаттылығы – 6,79 балл (4-орын), математикалық сауаттылық – 7 балл (3-орын), жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 4,63 балл (5-орын); 9-сынып нәтижелері 40,4 балл (6-орын): оқу сауаттылығы – 19,3 балл (1-орын), математикалық сауаттылық – 5,8 балл (8-орын), жаратылыстану – ғылыми сауаттылық – 15,2 балл (5-орын). Облыс бойынша жоғары көрсеткіш танытқан – «Шәкерім атындағы орта мектебі»КММ; төмен көрсеткіште еш мектеп анықталған жоқ.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша 7 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, 2 оқушы республикалық кезеңге қатысты. 1 оқушы жүлделі ІІІ орынды иеленді. (26-30 сәуір аралығында Астана қаласында өткен республикалық олимпиадада ЖББ Қарауыл гимназиясының 10-сынып оқушысы Сайлаубекова Гүлнұр Дәуренқызы қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Тәстекеева Баян Мәлікқызы). Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне 33 жоба қатысып, 7 жобалық жұмыс жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иеленді. 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалары конкурсының облыстық кезеңіне 28 жоба қатысып, 12 жоба жүлделі орындарды иеленді. 1 жоба жұмысы республикалық кезеңге қатысып қайтты.
«Бастау» ХҮІІ республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде аудан командасы командалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді. Физика-математика ғылымдарының докторы Т.Аманов атындағы 9-11 сынып оқушыларының математикадан облыстық олимпиадасында С.Бекбосынов о/м оқушысы Берікқазы Елнұр жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Республикалық ХХV Абай оқуларына ауданымыздың атынан қатысқан 6 оқушының 2-еуі жүлделі орындарды иеленіп, 2 оқушы «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының арнайы Грамотасымен марапатталды.