Абай ауданынданда ауылшаруашылығы саласы бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы.

Мал бекіту құралдары:

Биылғы жылға жергілікті бюджеттен Көкбай, Құндызы және Саржал ауылдық округтеріне мал бекіту құралдарын салуға  8,2 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күнге мал бекіту құралдары іске қосылды.

Жиыны аудан бойынша 6 ауылдық округте мал бекіту құралдарымен қамтамасыз етілген, олар Қарауыл, Архат, Тоқтамыс, Құндызды, Саржал және Көкбай ауылдық округтері.

 

Саяқ шегіртке қарсы атқарылған жұмыстар:

 

Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында аудан бойынша саяқ шегірткелерді жоюға қарсы 3800 га жерге химиялық  өндеу жұмыстары жүргізілді.

2025 жылыда осы жұмыстар жалғасын табады, жоспар бойынша  4000 га жерге химиялық  өндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

2024 жылы шаруашылықтарға Мемлекет тарапынан берілетін барлық бағыт бойынша  503 млн. теңге субсидия қаражаты игеріліп, төленді.

 

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы Агробизнес бағдарламасымен:

Жиыны 15 адам 289 970 000 теңге несие қаражатын алды. Барлық қаражат мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Дата публикации
29 января 2025