Құрметті Абай аудандық ауруханасына тіркелген тұрғындар!*
Сіздерді профилактикалық медициналық тексерістен (скринингтен) өтуге шақырамыз! СКРИНИНГ – бұл сау адамдардың жас ерекшелігіне қарай қауіп факторларын және ауруларды алғашқы сатыда анықтау үшін өткізілетін профилактикалық медициналық тексеріс.Скрининг емдеудің нәтижесін арттырып, асқынулардың алдын алады.
2025 жылдың скринингтің көлемі:
1. Жүрек- қантамыры ауырулары мен қант диабетін алдын ала анықтау үшін антрометриялық өлшемдер (бойы, дене салмағы, бел шеңбері),қан қысымын өлшеу, қанындағы холестерин мен глюкозаның деңгейлерін анықтау 30 - 70 жастағы ер және әйел адамдар, 2 жылда 1рет өтуі қажет. электрокардиография,
Қан сарысуындағы төмен тығыздықты липопротеидтерді анализатор көмегімен анықтау ; Қандағы гликолизирленген гемоглобинді талдауыш көмегімен анықтау– көрсетілімдер бойынша;
2. Глаукома ауыруын алдын ала тексеру үшін 30 - 70 жастағы ер және әйел адамдардың, 2 жылда 1 рет, көзінің қан қысымын өлшеу жүргізіледі, көз дәрігерінің қарауы- көрсетілімдер бойынша.
Бұл тексерулер жүрек – қантамыры ауруларын, қан диабетін, глаукоманың және олардың қатерлі асқынуларын, сонымен бірге гепатитың алғашқы кезеңдерін анықтауға, олардың инсульт,инфаркт, соқырлық, бауыр безі мен обыры сияқты қауіпті асқынулардың алдын алуға және оларды дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді.
Обыр ауруы өлім жағдайларының жоғары көрсеткіштерінің себепшісі.Сонымен бірге обыр – бұл емделетін ауру.Қатерлі ісік неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым обырдан толықтай емделіп шығу мүмкіндігі артады.Обыр ауруының туындауына себеп болатын патологиялық өзгерістердің жоқтығына көз жеткізіп, ісіктің дамуының ерте сатысында анықтау үшін скринингтен өту керек!
3. Жатыр мойынындағы патологиялық өзгерістерінің жоқтығына көз жеткізу үшін 30 - 70 жастағы әйелдерге, 4 жылда 1рет, жатыр мойынындағы жағынды цитологиялық зерттелуі қажет, акушер-гинекологтың қарап тексеруі (кольпоскопия) көрсетілім бойынша;
4. Сүт бездерінің патологиялық өзгерістерінің жоқтығына көз жеткізу үшін 40 - 70 жастағы әйелдерге, 2жылда 1 рет, сүт бездерінің рентгенологиялық зерттелуі (маммография) қажет, маммологпен онкологтың қарап тексеруі -көрсетілім бойынша;