Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Мәдениеттің мәйегі өнер арқылы дәріптеліп, халықтың құлағына жетіп жатады. Осы орайда, руханияттың алтын бесігі саналған қасиетті Абай елінде де мәдениет пен өнерді дамыту саласында атқарылып жатқан игі істер - ұлттық дәстүрді дамыту, өнер мен мәдениеттің өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсатында аудан көлемінде халыққа мәдени тұрғыда қызмет көрсетіп, тұрғындардың рухани қажеттілігін қамтамасыз етуде елеулі еңбек етіп келеді. 2024 жылы 9 мәдениет ошақтары бойынша 250 мәдени іс -шара өтті. Көрермен саны-26079.
Оның ішінде ауқымды мәдени іс-шараларды атап өтсек:
Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл, әнші, сазгер Жәнібек Кәрменовтың туғанына 75 жыл толуына байланысты ұлттық өнер мен мәдениетті дамыту, жас ұрпаққа отансүйгіштік пен Қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Ұлы дала ұлағаты» тақырыбымен аудан көркемөнерпаздарының өнер байқауы ағымдағы жылдың наурыз айында өтті. Байқау ережесіне сәйкес жиыны 9 ауылдық округі бойынша 10 көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты. 21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай аудандық мәдениет үйінде көркемөнерпаздар байқауының қортынды Гала концерт өтті. Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар аудан әкімінің дипломымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Әнші, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің туғанына 75 жыл толуына байланысты «Ән еркесі-Жәнібек» атты мәдени кеш өтті. Мәдени шарада Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының өнерпаздары мен «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетті.
«Қаламқас» халық ән-би ансамблінің әншісі Төлеухан Косманавт Сағидоллаұлының, Тоқтамыс ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Әдкей Марат Қуанышұлының зейнеткерлік 63 жасқа келуіне орай «Ер есімі еңбекпен...» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кеш барысында ауылдың мәдениет саласына айтулы үлес қосқан Тоқтамыс ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Әдкей Марат Қуанышұлын «Абай елінің Ел алғысы» медалімен аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы марапаттады.
18 мамыр-Халықаралық музей күніне орай Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей- қорығында қоғам қайраткері Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына байланысты «Алашқа даңқы шыққан-ер Құнанбай» атты көрменің ашылуы өтті. Шара барысында «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің өнепрапаздары өнер көрсетті. 30 жылдай Абай бейнесін сомдап жүрген Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, ансамбліміздің әншісі Төлеухан Космонавт Сағидоллаұлына «Абай музейі» медалін Музей директоры Сағадиев Ұлан Болатұлы табыстады.
Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойына орай «Баба тойы-ел тойы» атты кең ауқымды мәдени іс-шара өтті. Аудан өнерпаздарының қатысуымен «Бала Құнанбайдан-Дана Құнанбайға дейін» тақырыбында театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Шара барысында Абай облысының әкімі Нұрлан Тельманұлы Ұранхаевтың арнайы сыйлығы автобус көлігінің кілті «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің ұжымына табысталды.
«Қаламқас» халық ән-би ансамблінің ірге тасын қалаушылардың бірегейі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Шапағат» медалінің, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Көзбаева Тамара Хауысқызының 70 жасқа толған мерейтойына орай «Өнеріммен жаным егіз» атты шығармашылық ән кеші өтті. Мерекелік кеште аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы құттықтау сөз сөйлеп Абай музейінің «Абай» медалін табыстады.
26-27 қыркүйек күндері қоғам қайраткері Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойының қортынды марапаттау шарасында «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің концерті өтті.
25 қазан-Республика күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты мерекелік жиын өтті. Шара барысында «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, «Абай аудандық мәдениет үйі» КМҚК директоры Орынғожина Лаура Советқызын, Қазақстан Респубикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Шапағат медалінің иегері, «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің әншісі Көзбаева Тамара Хауысқызын, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері, «Абай» бейнесін сомдаушы, «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің әншісі Төлеухан Космонавт Сағидоллаұлын аудан әкімі М.Смағұлов «Абай ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталды.
Аудан мәдениетін жандандыру үшін біршама жұмыстар жүргізіп келеміз. Негізінен, мәдениет саласының сан алуан бағыты бойынша әрбір маманға зор жауапкершілік жүктеледі. Қазіргі заман талабына сай ансамбль мүшелері шығармашылықпен айналысуда үлкен тың идеялармен дайындалуда. Сахнаға шығатын әр ән компазициялық қойылыммен әрленеді. Қойылым айтпақ ойымен және мазмұнымен ғана қызықтырмайды, қойылу түрімен, ойналу ерекшелігімен де, барлық жағынан гармониялық үндестік пен үйлесім тапқан әр ән өзінің көркемдік тұтастығын сақтай отырып көрерменді баурап алады.
Музыкалық композицияның бояуы мен реңі өзгеруі және қосымша аранжировка қосылып, әуен мен өлеңді басқа бір музыканттың "өзінше" авторлық нұсқамен орындауын- Кавер орындаушы дейміз. Қазіргі таңда ансамбліміздің кавер орындаушысы Таңнұр Жақсыбеков «Бір түрлі қыз», «Балауса» кавер әндерін жазғызып, осы әндері Abay films, Agugai, Muzik.kz, «Байж музыка» сайттарында жүктеліп, тыңдармандарының жүректерінен орын алуда.
Ақын Төлеген Жанғалиевтің сөзіне жазылған, жерлес композитор Кентау Назарбектің «Абай облысы» әніне облыс бойынша ансамбліміздің музыка жетекшісі Дамир Бекмұханбетов жоғары деңгейде аранжировка жазып, «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің жігіттер квинтетінің орындауында бұл ән автордың көңілінен шығып, өнер сүйер көрерменнің қошеметіне бөленіп келеді.
Мәдениет үйінің өнерпаздары Қазақстан Республикасының айтулы күнтізбесіне сәйкес өткізілетін барлық мерейтойларға арнайы дайындалып қажырлы еңбек атқаруда.
Абай ауданы үш алыпты дүниеге әкелген қасиетті жер болғандықтан, Абай облысында өтетін ауқымды іс-шараларға Республикамыздың және әлемнің түкпір-түкпірінен арнайы келген қонақтарымыз, ауданымыздың Жидебай елді мекеніне, күнделікті бабалардың басына тағзым етіп келетіні белгілі. Елдің мәдениеті мен қонақ жайлылығын көрсете отырып қонақтарды өз өнерлерімен Жидебай музейінің алдында қарсы алып, шығарып салу, мәдениет саласы қызметкерлерінің қалыпты міндетіне айналған.
Алдағы уақытта Абай ауданының мәдениет саласы бойынша мемлекет саясатын жүзеге асыру, халыққа мәдени-қызмет көрсету, тұрғындардың рухани қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстарын жалғастыра беретін болады. Ұлттық мәдениетімізді насихаттау жолында алға қойған асқаралы міндеттеріміз бен мақсаттарымызға қол жеткізуде биылғы жылы жүйелі жұмыстар жүргізілмек.