Аудан аумағында салынып жатқан құрылыс нысандары.
- «Саржал ауылында дәрігерлік амбулатория салу құрылысы» Мердігер - "Уральскстройинвест" ЖШС. Нысанға Тапсырыс беруші–«Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ. Қазіргі уақытта ішкі есіктерін орнату, еден мен қабырғаларға кафель жапсыру жұмыстары жүргізілуде.
- «Орда ауылында медициналық пункт салу құрылысы» . Мердігер - Construction Group "SAMRUK" ЖШС. Тапсырыс беруші–«Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ. Қазіргі уақытта электр құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.
- «Көкбай ауылында спорт модуль құрылысы» мердігері «Градстройсервис»ЖШС. Тапсырыс беруші – «Абай ауданының сәулет, құрылыс,ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ. Бүгінгі күні әкімшілік-тұрмыстық корпустың ішкі әрлеу, жылу жүйесін орнату жұмыстары, спорт залдың ангар бөлігінің ішкі жұмыстары, абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Нысан 2025 жылы қабылданады.
- «Абай облысы Абай ауданы Кеңгірбай би ауылында орналасқан балалар лагерін салу» мердігері – «Градстройсервис»ЖШС. Тапсырыс беруші –«Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ. Бүгінде ғимараттың қас бетін кірпішпен қалау, ішкі қабырғаларын тегістеу, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ішкі әрлеу жұмыстары, балалар ойын алаңын салу, абаттандыру жұмыстары қалды, жұмыстар жалғасуда. Нысан 2025 жылы қабылданады.
- «Қасқабұлақ ауылының су құбырың қайта жаңғырту». Мердігері «Универсалстройсервис»ЖШС. Бүгінде 23,6 шықырым болатын су құбыры тартылып, жеке аулалардың шекараларыны дейін жеткізілді. Қазіргі уақытта насос станциясының электр жұмыстары жүргізілуде.
- «Архат ауылының су құбырың қайта жаңғырту». Мердігер – «Карат-Z» ЖШС. Құрылыс жұмыстары мерзімі: шілде-қазан 2024 жыл - 2025 жылмамыр-тамыз. Бүгінде су құбырының 11 шықырымы тартылды.