Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАХАТ
|
№ |
Көрсетуге қажетті мәліметтер |
Мемлекеттік әзірлеуші-органының ақпараты |
|
1. |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы. |
«Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
2. |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, ҮкіметжәнеҮкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері. |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабының 2-3- тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес |
|
3. |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиістіесеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). |
Жергілікті бюджет есебінен |
|
4. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы. |
Жоқ |
|
5. |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері. |
Жоқ |
|
6. |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Преиденттің және/немесе Үкіметтің бұрнын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер. |
Жоқ |
|
7. |
Енгізілеті жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. |
көзделмейді |
|
8. |
Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны). |
Ашық НҚА порталында жариялануы 04.10.2024 |
|
9. |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. |
Жоқ |
|
10. |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. |
сәйкес келеді |
|
11. |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. |
Жоқ |
Абай аудандық жұмыспен қамту
жәнеәлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Н.Сағындықова