
Алдымен плазманың не екенін түсіндіріп өтейік. Ол - қанның сұйық бөлігі. Егер қаннан жасушалар (қызыл қан жасушалары, лейкоциттер, тромбоциттер) алып тасталса, плазма ғана қалады. Оның құрамында ақуыз көп. Плазма ақуыздары көптеген қан функциясына қатысады, олардың кейбірі ауруларға қарсы антидене саналады.
Коронавирус дүние жүзіне тарап жатқанда дәрігерлер қанның плазмасын қолдануды жөн санаған болатын. Вирустың емі әлі шықпады, сондықтан дәрігерлер осы амалға жүгінген.