Жер салығының базалық мөршерлемелерін түзету туралы

Шешімнің  жобасы

  

Жер салығының базалық мөршерлемелерін

түзету туралы

 

         Қазақстан  Республикасының  2017 жылғы  25  желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер туралы»  (Салық кодексі) Кодексінің  510–бабының 1–тармағына, Қазақстан  Республикасының  2001 жылғы  23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»   Заңының 6 – бабынының 1-тармағының 15) тармақшасына  сәйкес,  Абай  аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. Абай ауданы бойынша салық салу мақсаттары үшін жерді аймақтарға бөлу негізінде базалық салық мөлшерлемелерін түзету бекітілсін

Жер учаскелері үшін жер салығының базалық салық мөлшерлемесі:

І аймақ –  50 пайызға арттыру

ІІ аймақ – 45 пайызға арттыру

ІІІ аймақ– 40 пайызға арттыру

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы,

Мәслихат  хатшысы                                                                            Е.Лдибаев

Дата публикации
28 сентября 2020