Қайырлы күн құрметті ауыл тұрғындары, жиынға қатысушылар!
Абай ауданы бойынша 2024 жылдың І жарты жылдығы бойынша атқарылған жұмыстар:
Аудан бойынша халық саны - 13982 адам.
Әлеуметтік-экономикалық дамуы
|
Р/с |
Көрсеткіш атауы |
Көлемі, индексі |
|
1 |
Бюджет |
4 айда меншікті кірістер 461 млн 174,1 мың теңгеге жоспарланып, 711 млн 034,3 мың теңгеге орындалды, немесе орындалуы 154,2 пайызға өскен. 4 айда бюджет шығысы 966 млн. 058,6 мың теңгеге жоспарланып, ол 963 млн. 978,9 мың теңгеге орындалды, яғни 99,8 пайыз. 2024 жылдың бекітілген бюджет көлемі 4 млрд. 813 млн. 172,0 мың теңге, нақтыланған бюджет көлемі 5 млрд. 127 млн. 198,8 мың теңге, нақтыланған меншікті кірістердің жоспары 1 млрд. 398 млн. 209,0 мың теңге. |
|
2 |
Ауылшаруашылығы |
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 8 167,0 млн. теңге, индексі 101,5 пайыз. Ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақтағы ет – 5 673,3 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 98,9 пайызды, сүт – 11 237,1 тонна немесе 104,7 пайызды, жұмыртқа – 319,1 мың дана өндіріп, 105,2 пайызды құрады. Бүгінгі күні аудан бойынша 179 456 бас қой-ешкі малы, 100 380 бас мүйізді ірі қара, 79 001 бас жылқы малдары қолда бар. (Қой-ешкі малы 90,6 пайызға кемісе, мүйізді ірі қара малы 101,4 пайызға көбейді, жылқы малы 88,6 пайызға кеміп отыр). |
|
3 |
Инвестиция |
Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге 1 603,9 млн.теңгені құрайды, индексі 50,6 пайыз. Бөлшек сауда көлемі 1 031,1 млн. теңге, индексі 114,9 пайыз. Көтерме сауда көлемі 248,6 млн. теңге, индексі 76,2 пайыз. |
|
4 |
Өнеркәсіп |
2024 жылдың қаңтар-сәуір айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 846,7 млн. теңгенің тауарлық өнімдерін өндірген, өндірілген өнім көлемінің индексі 45,6 пайызды құрайды. Оның ішінде 528,9 млн. теңге (индексі 49,6 пайыз) тау-кен өнімдері, 100,1 млн. теңге (индексі 74,0 пайыз) өңдеу өнеркәсібі. |
|
5 |
Тұрғын үй |
Қаңтар-сәуір айларында жеке секторларда 1 147 шарша метр тұрғын үй құрылысы салынды, өсім қарқыны 111,5 пайыз. 351,1 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді, индексі 107,0 пайызды құрады.
|
|
6 |
Жұмыспен қамту |
Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 420 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 4,5 пайыз. Тұрақты жұмысқа 96 адам орналысты. Қоғамдық жұмысқа 93 адам тартылды. Орташа еңбек ақы 277 199 теңге, 2023 жылмен салыстырғанда 114,4 пайызға жоғары.
|
|
7 |
Кіші бизнес |
Жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпорындардың саны 1 373 бірлік, былтырғы жылмен салыстырғанда 96,6 пайыз.
|
Жер көлемі – 2 млн 9мың 391 гектар.
|
Р/с |
Көрсеткіш атауы |
Көлемі, индексі |
|
1 |
Ауылшаруашылығы құрылымдарының пайдалымындағы жер тілемдері |
1 275 193 гектар ауылшаруашылығы құрылымындарының пайдаланымындағы жер 1 275 193,0 га, елді – мекен жері 175 241,0 га, көлік, байланыс, өндіріс, қорғаныс және басқада ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жер 1446,0 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақ жері 6400,0 гектар , орман қорының жері 8522,0 гектар, аудандық жер қоры 535 343,0 га. |
|
2 |
Мемлекетке қайтарылған жер телімдері |
4238,9609 гектар 2024 жылға жоспар: 7000 гектар. |
Абай ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу
Абай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қазандағы №132 санды және Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы №9/11-VIII санды және Абай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 55 бірлескен қаулысы және Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/7-VIII шешімімен «Абай ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы бірлескен қаулы шешімі шығарылып, 9 ауылдық округтердің елді мекендерінің шекаралары және жайлаудағы жер учаскелері белгіленіп, бекітілді.
Құндызды ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 24 086,6 гектар, оның ішінде Құндызды ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 10 189,6 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 6544,5 гектар, 2-ші жер учаскесі 7352,5 гектар.
Архат ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 29 014,58 гектар, оның ішінде Архат ауылдағы елді мекенінің жер учаскесі 22 999,38 гектар, Орда елді мекеніндегі жер учаскесі 5515,2 гектар, жайлаудағы учаскесі 500,0 гектар.
Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 43 002,74 гектар, оның ішінде Қасқабұлақ ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 40 697,24 гектар, Бөрлі елді мекеніндегі жер учаскесі 2305,5 гектар.
Саржал ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 33 723,4 гектар, оның ішінде Саржал ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 30 411,6 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 258,2 гектар, 2-ші жер учаскесі 1633,0 гектар, 3-ші жер учаскесі 567,2 гектар, 4-ші жер учаскесі 396,5 гектар, 5-ші жер учаскесі 456,9 гектар.
Медеу ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 9875,4 гектар, оның ішінде Медеу ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 8302,6 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 1572,8 гектар.
Кеңгірбай би ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 17 304,7 гектар, оның ішінде Кеңгірбай би ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 8306,9 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 4461,8 гектар, 2-ші жер учаскесі 4536,0 гектар.
Қарауыл ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 50 010,0 гектар, оның ішінде Қарауыл ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 13 520,0 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 1550,0 гектар, 2-ші жер учаскесі 3200,0 гектар, 3-ші жер учаскесі 1150,0 гектар, 4-ші жер учаскесі 5300,0 гектар, 5-ші жер учаскесі 1400,0 гектар, 6-ші жер учаскесі 1100,0 гектар, 7-ші жер учаскесі 12 900,0 гектар, 8-ші жер учаскесі 8600,0 гектар, 9-ші жер учаскесі 1290,0 гектар.
Көкбай ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 48 106,0 гектар, оның ішінде Көкбай ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 12 000,0 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 1686,0 гектар, 2-ші жер учаскесі 5760,0 гектар, 3-ші жер учаскесі 1980,0 гектар, 4-ші жер учаскесі 1390,0 гектар, 5-ші жер учаскесі 9790,0 гектар, 6-ші жер учаскесі 15 500,0 гектар.
Тоқтамыс ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 20 829,0 гектар, оның ішінде Тоқтамыс ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 7144,0 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 1620,0 гектар, 2-ші жер учаскесі 1350,0 гектар, 3-ші жер учаскесі 8167,0 гектар, 4-ші жер учаскесі 2548,0 гектар.
Аудан бойынша елді мекен жері 175241,0 гектар болған, 3 ауылға қосымша 71730,0 гектар жер қосылып, сонда елді мекен жері жиыны 277 448,8 болды.
Ауданымыздың негізгі саласы – ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы.
Абай ауданында 01.05.2024 жылға 100 380 МІҚ, 179 456 қой ешкі малы және 79 001 бас жылқы малы тіркелген.
Мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының саны – 537.
Ауданда асыл тұқымды шаруашылық саны 44, оның ішінде қоймен - 22, ірі қарамен - 21, жылқымен - 1 шаруашылық айналысады.
Биылғы жылы 5 айда:
өндірлген ет – 5 673,3 тонна,
сүт – 11 237,1 тонна,
|
Аудан бойынша тіркелген техника саны |
|
|
681 |
436 трактор, 199 тіркеме, 46 жол құрылыс техникалары. 5 трактор лизингке және өз қаражаттарына 61 млн 744 мың теңгеге және 2 қосалқы 2 млн.330 мың теңгеге сатып алынды. |
Аудан бойынша тіркелген кіші және орта кәсіпорын саны -1379 бірлік.
Аудан бойынша - 67-сі азық-түлік дүкені.
Жыл басынан бастап 10 монитоингтік топпен 95 рейд жүргізілді.
Аудан бойынша 2024 жылғы 1 маусымға 1379 шағын орта бизнес субъектілері жұмыс істеп тұр, 67-сі азық-түлік дүкені.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері аудан орталығы Қарауылда жиыны 3 жәрмеңке өтті.
Жәрмеңкеде «ARDAGER»-дің өңімдері, ауылдардан ет-сүт өнімдері, Бородулиха өңірінің таза балы, «Ай-Ар» ЖШС-нен арпа, кебек жемі, «Агрофирма приречное» ЖШС әр түрлі көкөніс түрлері (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) және жұмыртқа өнімдері сатылымда болды.
«Северный» СЛО-да Абай ауданының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі 2 мәрте өтті.
Жәрмеңкеде өткен өнім сиыр еті – 4,0 тонна, жылқы еті 4,0 тонна, қой еті- 0,5 тонна.
ВЕТЕРИНАРИЯ
Аудан бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты.
|
Р/с |
Ауыл шаруашылығы жануарының түрі
|
Бруцеллезге тексерілгені (2024 жыл)
|
Оң нәтиже бергені |
Көрсеткіші, пайыз
|
|
1 |
мүйізді ірі қара |
50551 бас (жоспарға сәйкес жылына 2 мәрте алынады) |
71 бас |
0,14%
|
|
2 |
қой-ешкі малы |
76271 бас (жоспарға сәйкес жылына 2 мәрте алынады) |
0 |
0 %
|
Дезинфекциялық жұмыстар:
|
Р/с |
Объект саны (2024 жыл) |
Аумағы
|
|
1 |
25 |
16832 шаршы метр
|
Бруцеллезге қарсы вакцина егу:
|
Р/с |
Ауыл шаруашылығы жануарының түрі
|
Вакцина атауы |
Егілген мал басы (2024 жыл) |
|
1 |
мүйізді ірі қара |
«РВ-51» |
2125 |
ӨНЕРКӘСІП
Сонымен қатар Қасқабұлақ ауылдық округінде қой еті, сиыр еті, жылқы еті, түйе еті, қой жүні және түйе жүнін жылына жалпы 130 тонна өндеумен айналысатын «Қасқабұлақ ЖШС жұмыс жасауда.
СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ
Абай ауданында жалпы жолдар жүйесінің ұзындығы – 413 км:
республикалық маңыздағы – 70 км,
облыстық маңыздағы – 258 км,
аудандық маңыздағы – 85 км.
|
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауданымызда 2024 жылға 3 жоба арқылы 4 көшесіне 3,73 км орташа жөндеу және 3 ауылдың 5 көшесіне көше жарықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі:
|
|||
|
Р/с |
Атауы |
Қаражат көлемі, мың теңге |
Мердігер
|
|
1 |
. «Қасқабұлақ ауылындағы Достық көшесін орташа жөндеу 0,7 км». |
45 464,0 мың теңге |
«Дерикар» ЖШС |
|
2 |
«Көкбай ауылындағы Мырза батыр көшесін орташа жөндеу 0,580 км». |
39 493,0 мың теңге |
«Дерикар» ЖШС |
|
3 |
«Қарауыл ауылындағы Тоқтамыс көшесін орташа жөндеу 1,7 км». |
97 615,0 мың теңге |
«Дерикар» ЖШС
|
|
4 |
«Қарауыл ауылындағы Мамай көшесін орташа жөндеу 0,750 км». |
45 299,0 мың теңге |
«Дерикар» ЖШС
|
|
|
|||
|
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы ауылдардағы көше жарығын ағымдағы жөндеу жұмыстары:
|
|||
|
1 |
.«Қасқабұлақ ауылындағы Достық көшесінің жарығын ағымдағы жөндеу» |
сметалық құны 14 959,0 мың теңге; Келісім шарт құны – 6 800,0 мың теңге |
"TRIADA-S" ЖШС, Өскемен қаласы. Жөндеу жұмыстары аяқталды.
|
|
2 |
«Көкбай ауылындағы Шәкәрім көшесінің жарығын ағымдағы жөндеу» |
сметалық құны – 29 631,0 мың теңге; Келісім шарт құны – 17 192,0 мың теңге. |
"TRIADA-S" ЖШС, Өскемен қаласы. Орындалу мерзімі маусым айы.
|
|
3 |
«Қарауыл ауылындағы Тоқтамыс көшесінің жарығын ағымдағы жөндеу» |
сметалық құны 25 098,0 мың теңге; |
Келісім шарт құны – 16 106,7 мың теңге. |
|
4 |
«Қарауыл ауылындағы Мамай көшесінің жарығын ағымдағы жөндеу» |
сметалық құны – 22 942,0 мың теңге Келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. |
Орындалу мерзімі маусым- шілде айлары. |
|
5 |
«Қарауыл ауылындағы Бекбосынов көшесінің жарығын ағымдағы жөндеу» |
сметалық құны – 18 948,0 мың теңге. Келісім шарт құны – 11 673,2 мың теңге. |
"ИП Akshauli", Семей қаласы. Жарықтандыру жұмыстары толықтай аяқталды. |
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасынан бөлек, аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстары |
|||
|
1 |
«Аудандық маңызы бар Қарауыл - Архат жолын орташа жөндеу 10 км» |
Сметалық құны – 528 803,2 мың теңге; Келісім шарт құны – 488 205,1 мың теңге Облыстық бюджеттен жобаға қаржы бөлінді. |
Дерикар» ЖШС; Орындалу мерзімі қазан айының соңына дейін.
|
|
2 |
.«Аудандық маңызы бар Тоқтамыс ауылына кіре беріс жолын орташа жөндеу 10 км». |
Сметалық құны –638 185,4 мың теңге. Келісім шарт құны – 613 760,0 мың теңге. Облыстық бюджеттен жобаға 319 000,0 мың теңге қаржы бөлінді. |
«Семей жолдары» ЖШС болып анықталды. Орындалу мерзімі қыркүйек айының соңына дейін. Қаражат толық қарастырыл-мағандықтан келісім шарт қазынашылық мекемесіне тіркелмей тұр. Маусым айының 7-сі күні бөлінбей тұрған қаражатқа бюджеттік өтінім ұсынылды. |
|
|
|||
|
2024 жылы іске асырылатын жобалар мен жұмыстар |
|||
|
1 |
«Көкбай ауылында спорт модуль құрылысы» мердігері ЖШС «Градстройсервис». |
Жалпы сметалық құны 521 264,0 мың.теңге. 2023 жылға 359 449,0 мың.теңге қаржы бөлініп, игерілді. Бүгінде әкішілік-тұрмыстық корпустың қалау жұмыстары, төбесін жабу жұмыстары жүргізілуде. Спорт модульдің темір аркалары монтаждалды. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың тамыз айы. |
|
|
2 |
Электр қондырғыларын қосу : |
Келісім шарт құны- 373 283,571 мың теңге. Құрылыс жұмыстары мерзімі: 2023 жыл желтоқсан-2024 жыл қыркүйек айлары. Бұл нысан бойынша республикалық бюджеттен қаржының бөлінуін қажет етеді. |
«Семстройэлектро-2005» ЖШС |
|
3 |
.«Қасқабұлақ ауылының су құбырың қайта жаңғырту» |
сметалық құны 595 027,0 мың теңге; Келісім шарт құны 513 915,0 мың.теңге, игерілген қаржы 386 132,0 мың.теңге. Келісім шарт бойынша құрылыстың мерзімі 2023 жылдың маусым айы – 2024 жылдың қазан айы |
ЖШС «Универсалстройсервис» |
|
4 |
.«Архат ауылының су құбырың қайта жаңғырту» |
сметалық құны 759 817,0 мың.теңге; 2024 жылға 200 000,0 мың.теңге қаржы қаралды. Келісім шарт құны – 707 878,7 мың теңге. Құрылыс жұмыстары мерзімі: шілде-қазан 2024 жыл - 2025 жыл мамыр-тамыз. |
Мердігер – «Карат-Z» ЖШС |
|
5 |
Жаңадан салынатын 1 қабатты 2 пәтерлі 33 тұрғын үй салу жоспарланған (5 558 м2) |
Қазіргі уақытқа бөлінген қаржы – 166 600,0 мың теңге. Сонымен қатар Самұрық-Қазына қорынан қаржы қарастырылатын болады. 2023 жылмен (42 пәтер) салыстырғанда 2024 жыл (66 пәтер) 57%-ға жоғары. |
|
|
6 |
Қарауыл ауылындағы бейне бақылау камераларын орнату |
Сметалық құны - 35 848,0 мың теңге. Келісім шарт құны – 19 488,0 мың теңге. Алматы қаласы. Орындалу мерзімі сәуір-маусым айлары. |
"CHAMPION" ЖШС, |
|
7 |
Қарауыл ауылындағы көпқабатты тұрғын үй қабырғасына Абайдың суретін салу |
Сметалық құны – 5 668,9 мың теңге. Келісім шарт құны – 5 040,0 мың теңге. |
"ОПС и К" ЖШС, Тараз қаласы. |
|
8 |
Қарауыл ауылының көшелеріне жол жолақтарын сызу. |
Сметалық құны - 8 836,6 мың теңге. Келісім шарт құны – 6 720,0 мың теңге. Жұмыстар орындалды. |
"Семдортехника" ЖШС, Семей қаласы. |
|
9 |
Қарауыл ауылындағы Ералы көшесінің жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу. |
Сметалық құны - 25 085,0 мың теңге. Келісім шарт құны 20 533,3 мың теңге. Жұмыстар орындалды. |
" Магнитон" ЖШС, Аягөз қаласы. |
|
10 |
Қарауыл ауылындағы жол белгілерін ағымдағы жөндеу |
Сметалық құны – 10 717,0 мың теңге. Келісім шарт құны - 9 212,4 мың теңге. Орындалу мерзімі сәуір-мамыр айлары. |
" AECOM ESM" ЖШС, Алматы қаласы. |
|
11 |
Қарауыл ауылындағы бағдаршамдарды ағымдағы жөндеу |
Сметалық құны - 13 649,7 мың теңге. Келісім шарт құны - 12 208,0 мың теңге. Жұмыстар орындалуда. |
«ТАТ» ЖШС, Алматы қаласы. |
|
12 |
Қарауыл ауылындағы Әуезов көшесіндегі балалар саябағын ағымдағы жөндеу |
Сметалық құны - 4 685,0 мың теңге. Келісім шарт құны - 2 475,0 мың теңге. |
"АБАЙ КӨРКЕМ" ЖШС |
|
13 |
Абай ауданындағы 9 ауылдық округке балалар ойын алаңын салу- |
90 000,0 мың теңге. |
|
|
14 |
Құндызды ауылындағы көпірді ағымдағы жөндеу. |
Сметалық құны-7 000,0 мың теңге. Келісім шарт құны - 3 700,6 мың теңге. |
" Caplan&Gold" ЖШС, Алматы қаласы. |
|
15 |
Құндызды ауылындағы көше жарықтарын ағымдағы жөндеу. |
Сметалық құны - 1 402,0 мың теңге. Келісім шарт құны – 1 108,8 мың теңге. Орындалу мерзімі мамыр-маусым айлары |
«Дөнебек» ЖШС болып анықталды. |
|
16 |
Архат ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеу. |
Сметалық құны - 3 000,0 мың теңге. Келісім шарт құны - 1 889,0 мың теңге. |
" НИТ" ЖШС, Алматы қаласы. |
|
17 |
Тоқтамыс ауылындағы футбол алаңын ағымдағы жөндеу. |
Сметалық құны – 7 305,0 мың теңге. Келісім шарт құны - 5 112,9 мың теңге. Орындалу мерзімі сәуір-мамыр айлары. |
" Интерстройсоюз" ЖШС, Алматы қаласы. |
|
18 |
Бөрілі елді мекеніне блокты-модульды станция салу жоспарда |
Облыстық бюджеттен 15 000,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Алайда 2024 жылғы баға өсімімен есептеген кезде станция орнату жұмыстары 23 732,0 мың теңгені құрады. Келісім шарт құны - 19 039,9 мың теңге. Орындалу мерзімі мамыр-шілде айлары. |
"Royal Invest-2017" ЖШС, Ұржар ауылы. |
|
19 |
Бөрлі елді-мекенінің (бас жоспарының оңтайландырылған нұсқасын әзірлеу) |
4 421,0 мың.теңге. Келісім шарт құны - 3 979,6 мың теңге |
"Бақыт таңы" ЖШС, Алматы қаласы. |
|
20 |
Қарауыл ауылының бас жоспарын қайта әзірлеу |
23 934,9 мың теңге. Келісім шарт құны - 21 541,5 мың теңге. Орындалу мерзімі 2024 жыл желтоқсан айы. |
" СК РАОЛ "ИНВЕСТ " ЖШС, Ұржар ауылы. |
|
21 |
«Саржал ауылы дәрігерлік амбулаториясының электрмен жабдықтау және сумен жабдықтаудың сыртқы желілерін салу» |
жалпы құны – 41 944,0 мың теңге. Келісім шарт құны - 40 265,8 мың теңге. Орындалу мерзімі сәуір-маусым айлары. |
"СКБ КОНСТРАКШН" ЖШС, Астана қаласы. |
|
22 |
«Медеу ауылы медициналық пунктінің электрмен жабдықтау және сумен жабдықтаудың сыртқы желілерін салу» |
жалпы құны - 35 780,0 мың теңге. Келісім шарт құны – 34 232,5 мың теңге. Орындалу мерзімі сәуір-маусым айлары. |
" Stroy Company 2017" ЖШС, Павлодар қаласы. |
|
23 |
«Орда ауылы медициналық пунктінің электрмен жабдықтау және сумен жабдықтаудың сыртқы желілерін салу» |
жалпы құны - 36 567,0 мың теңге. Келісім шарт құны – 35 069,8 мың теңге. Орындалу мерзімі сәуір-маусым айлары |
" Stroy Company 2017" ЖШС, Павлодар қаласы. |
|
24 |
«Қарауыл ауылы Орталық алаң арбатын ағымдағы жөндеу». |
Жалпы құны - 92 375,6 мың теңге. Мемлекетттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланды, 14 маусым күні ашылды. 4 мердігер өтінім берген. Қазіргі уақытта өтінімдерді қарау жұмыстары жүргізілуде. |
|
|
25 |
«Қарауыл ауылы Қарауыл төбедегі Құнанбай этноауылын абаттандыру» |
жалпы құны - 55 932,607 мың теңге. Мердігер анықталды. |
|
|
26 |
Қарауыл ауылындағы №2 жылу қазандығы мен жылу желісін ағымдағы жөндеу |
жалпы құны 72 083,1 мың теңге. Келісім шарт құны – 42 448,0 мың теңге. Орындалу мерзімі маусым-тамыз айлары. |
" Universe Group" ЖШС, Алматы қаласы. |
|
27 |
Медеу ауылында медициналық пункт салу құрылысы |
сметалық құны – 166 986,1 мың теңге. Келісім шарт құны – 163 646,4 мың теңге. Орындалу мерзімі құрылыс жұмыстарын бастау туралы талон алғаннан кейін 4 ай. |
Мердігер - " Construction Group "SAMRUK" ЖШС, Түркістан қаласы. |
|
28 |
Орда ауылында медициналық пункт салу құрылысы |
Сметалық құны – 164 393,9 мың теңге. Келісім шарт құны – 161 106,1 мың теңге. Орындалу мерзімі құрылыс жұмыстарын бастау туралы талон алғаннан кейін 4 ай. |
Construction Group "SAMRUK" ЖШС, Түркістан қаласы. |
|
29 |
Саржал ауылында дәрігерлік амбулатория салу құрылысы |
сметалық құны – 382 769,5 мың теңге. Келісім шарт құны – 375 114,1 мың теңге. Орындалу мерзімі құрылыс жұмыстарын бастау туралы талон алғаннан кейін 4 ай. |
" Уральскстройинвест" ЖШС, Орал қаласы. |
|
30 |
Қарауыл ауылында Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатына 200 орындық интернат салуға жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу, |
ЖСҚ дайындау құны – 36 687,7 мың теңге. Келісім шарт құны – 33 018,9 мың теңге. Орындалу мерзімі 2024 жыл желтоқсан айы. |
" СЕМСТРОЙПРОЕКТ" ЖОБАЛАУ-ІЗДЕСТІРУ ИНСТИТУТЫ" ЖШС, Семей қаласы. |
|
31 |
Көкбай ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу |
ЖСҚ әзірлеу құны – 18 714,9 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жариялау жұмыстары жүргізілуде. |
|
|
32 |
«Қасқабұлақ ауылының су құбырын қайта жаңғырту» |
келісім-шарт құны - 513 915,0мың теңге. Келісім шарт бойынша жұмыс жүргізу мерзімі: 2023 жыл мамыр - 2024 жыл тамыз айлары. Бүгінгі күні 23,6 шақырым су құбыры тартылған. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. |
«УниверсалСтройСервис» ЖШС. |
|
33 |
«Көкбай ауылындағы спорт модулінің құрылысы» |
Келісім-шарт құны – 463 901,0 мың теңге. Құрылыстың салыну мерзімі - 2023 жылдың мамыр-қыркүйек айлары, 2024 жылдың тамыз айы. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. |
«ГрадСтройСервис» ЖШС. |
Тұрғын үй құрылысы.
|
Р/с |
Ауыл атауы |
Тұрғын үй салынған жылдар
|
|||
|
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл
|
2023 жыл |
||
|
1 |
Қарауыл ауылы |
32 пәтер |
32 пәтер |
32 пәтер |
22 пәтер |
|
|
Қасқабұлақ, Саржал, Көкбай, Құндызды, Кеңгірбай-би |
|
|
|
20 пәтер |
Атап айтқанда, 16 - ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, 55 - көп балалы отбасыға, 45 - халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдар, 17- бюджеттік қызметкерге, 5- жалғыз тұрғын үйі апаттық жағдай тұрған адамдарға берілді.
Абай ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған азаматтар саны – 294адам.
2024 жылы 2 пәтерлі 33 тұрғын үйге, жиыны 66 пәтердің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ
|
Р/с |
Көрсеткіш атауы |
Ақпараты
|
|
|
Атаулы әлеуметтік көмек 20604,1 мың теңге |
108 отбасыға (629 адам, 399 бала) Соның ішінде: - 61 көп балалы отбасылар (418 адам, 286 бала); - 47 аз қамтылған отбасылар (211 адам, 113 бала).
|
|
|
кепілдендірілген әлеуметтік пакет |
отбасылардың 1 жастан 7 жасқа дейінгі 89 отбасының 161 баласына 5175 теңгеден кепілдендірілген әлеуметтік пакет 3106,8 мың теңгеге төленді |
|
|
|
Абай ауданы бойынша 2024 жылға берілген өңірлік карта жоспары және орындалысы: Қоғамдық жұмыс жоспар 170 адам, орындалысы 128 адам. Әлеуметтік жұмыс орны жоспар 9 адам, орындалысы, 9 адам. Жастар практикасы жоспар 23 адам, орындалысы 2 адам. Алғашқы жұмыс орны жоспар 9 адам, орындалысы 1 адам. Күміс жас жобасы жоспар 30 адам, орындалысы 31 адам. Ұрпақтар келісімшарты жобасы жоспар 1 адам, тамыз айына жоспарланған. |
|
|
|
Қысқа мерзімді оқу жоспар 23 адам, орындалысы 18 адам. Грант жоспар 7 адам, орындалысы 7 адам. Жастарға 2,5 % кредит жоспар 20 адам, шілде айына жоспарланған. Бос жұмыс орындары жоспар 288 адам, орындалысы 175 адам. Қоныс аудару жоспар 18 адам, орындалысы 10 адам. Қандастар жоспар 8 адам, орындалысы 5 адам. Инфрақұрылымдық жобалар жоспар 14 жоба 54 жұмыс орны, орындалысы 57 адам. Орындалысы 14 жоба 57 адам.
|
|
|
|
«Жасыл ел» -92 адам |
БІЛІМ САЛАСЫ
Бүгінде аудан бойынша 10 орта мектеп, 1 негізгі орта мектеп, 12 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. 6 балабақша (оның ішінде 2 балабақша жекеменшік) және 6 шағын орталық. Облыстық білім басқармасына қарасты «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» мен «Абай колледжі» жұмыс жасайды.
Қосымша Тоқтамыс ауылында 1 жеке меншік 50 орындық балабақша 2023 жылдың маусым айынан бастап өз жұмысын бастады. 3-6 жастағы балалардың қамтылуы – 915 бала. 2 қосымша білім беру мекемесінде (саз және көркемсурет мектептері) оқу жыл ішінде 732 оқушы қосымша білім алады.
2023-2024 оқу жылында осы мектептерде 2506 оқушы оқып білім алады. Оның ішінде оқу жылында 1 сыныпқа 254 оқушы қабылданды. Оларға 611 мұғалім ұстаздық етеді. Ұстаздардың жоғары білімдісі - 400(88,1%), арнаулы білімдісі-54(11,9%), педагог-зерттеуші – 70 (17,0%), педагог-сарапшы– 152 (37,07%), педагог-модератор-124 (30,2 %), санатсызы-109 (24,0%).
2023 жылдың 1 қараша күні аудан орталығы Қарауыл ауылында орналасқан Жалпы білім беретін орта мектебі ғимаратының сол жақ қанатынан Абай облысының білім басқармасына қарасты педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті ашылып, өз жұмысын бастады. Кабинеттің ашылу жұмыстарына облыстық бюджеттен 40 млн 147 мың тг қаражат бөлінді. Бүгінгі күні ерекше білім беруді қажет ететін тізімдегі 0-18 жас аралығындағы 33 балаға Монтессори, логопед-дефектолог, педагог-психолог, емдік денешынықтыру, музыкалық-ырғақ және әлеуметтік педагог – жиыны 9 арнайы маман тағайындалып, жұмыс атқарып отыр.
11 мектеп бойынша 1-4 сынып оқушыларын әлеуметтік жағдайына қарамастан толық ыстық тамақпен қамтығанда 707 оқушы, 5-11 сыныптарда ҚР 2008 жылғы 25 қаңтарындағы №64 қаулысына сәйкес 586 оқушы, барлығы 1293 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Қаратылған қаржы көлемі 101 млн 800 мың теңгені құрайды.
Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен 2023 ж 1 қыркүйегінде ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы негізінде бір реттік қаржылай көмек 790 оқушыға 32 838 150 тг мектеп формасымен, аяқ киім және оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді.
«Мектепке жол» акциясы негізінде 2023-2024 оқу жылында (аз қамтылған, көпбалалы отбасының балаларына) мемлекет тарапынан 44 421 000 теңгеге жиыны 1074 оқушыға қаражат аударылып берілді. Сонымен қатар, демеушілер есебінен 1085000 теңгеге 118 балаға сөмке, оқу-құралдар, маусымдық киімдер, қаржылай көмек т.б. көрсетілді.
«Абай колледжінде» 2023-2024 оқу жылында 126 студент білім алуда. 23 оқытушы жұмыс жасайды.
Студенттер 6 түрлі мамандыққа оқытылады:
-«Фермер шаруашылығы»
-«Ветеринария»
-«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»
-«Дәнекерлеу ісі»
-«Туризм»
-«Токарлық іс және металл өңдеу».
Колледж теңгерімінде әкімшілік ғимараты, 36 адамға арналған жатақхана, 4 автокөлікке арналған (бокс) тұрақ, оқу шеберханасы бар.
3 дана ауыл шарушылығы техникаларымен («МТЗ – 82» – 2 дана, «ДТ – 75» – 1 дана) қамтылған.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Аудан бойынша медициналық көмекті:
-1 орталық аурухана;
-1 кеңес-диагностикалық емхана;
-5 дәрігерлік амбулатория;
-3 медициналық пункт;
-1 ФАП бар.
Жоғары білімді дәрігерлер саны - 34.
Орта буын медицина қызметкерлері – 105.
2023 жылы Абай ОАА-ға 6 дәрігер келді. 2024 жылы Абай ОАА-ға 3 дәрігер келді Кадр тапшылығының төмендеуі байқалады. 2023 жылы Абай ОАА үшін дәрігерлердің тапшылығы 8 дәрігерді құрады. 2024 жылы Абай РБ үшін дәрігерлердің тапшылығы 3 дәрігерді құрайды, оның ішінде реаниматолог-1, хирург-1, психиатр-нарколог-1.
2023 жылы Абай аудандық ауруханасы кредиторлық берешексіз бітірді. Бір тұрғынға шаққандағы КТС 2023ж-3015,32 теңге 2024 жылғы бір тұрғынға МТН 37,58 теңге КТС өсімі байқалады, қазіргі уақытта ҚР ДСМ-ден тапсырма келіп түсті онда ауылдық денсаулық сақтау, атап айтқанда, шағын Халыққа қызмет көрсететін РБ шығындарды жабатын КТС көру туралы ұсыныс енгізуі тиіс, РБ-да қаржылық тәуекелдер болмайды
2024 жылы Абай ОАА үшін маңызды мәселелер шешілді - Саржал ауылында АА 2 ауылда (Медеу, Орда) АА салу 2023 жылы ОА ДСБ медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі мәселесін шешті, Абай ОАА үшін аурухананың қызмет ету тарихында алғаш рет Епу-да ең қажетті медициналық жабдықтар сатып алынды. 2023 жылы сомасы 128 821 033,01 теңге, 2022 жылмен салыстырғанда сомасы-26 690 809,00 теңге.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Абай ауданында 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб, 4 халық театры, 2 халық ән-би ансамблі жүйелі жұмыс жасап тұр. Онда, жалпы саны 145 адам жұмыс істейді.
2024 жылдың 6 айына 9 мәдениет ошақтары бойынша 74 мәдени іс -шара өтті.
18 мамыр-Халықаралық музей күніне орай Семей қаласындағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей- қорығында қоғам қайраткері Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына байланысты «Алашқа даңқы шыққан-ер Құнанбай» атты көрменің ашылуы өтті. Шара барысында «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің өнепрапаздары өнер көрсетті. Музей директоры Ұ.Сағадиев 30 жылдай Абай бейнесін сомдап жүрген Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, ансамбліміздің әншісі Төлеухан Космонавт Сағидоллаұлын «Абай музейі» медалімен марапаттады.
Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл, әнші, сазгер Жәнібек Кәрменовтың туғанына 75 жыл толуына байланысты ұлттық өнер мен мәдениетті дамыту, жас ұрпаққа отансүйгіштік пен Қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Ұлы дала ұлағаты» тақырыбымен аудан көркемөнерпаздарының өнер байқауы наурыз айында өтті. Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар аудан әкімінің дипломымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Дала данышпаны, тарихи тұлға Құнанбай Өскенайбұлының 220 жылдық мерейтойы өтті. Аудан өнерпаздарының қатысуымен «Бала Құнанбайдан-Дана Құнанбайға дейін» тақырыбында театрландырылған қойылымдар көрсетілді.
Шара барысында Абай облысының әкім Н.Ұрнахаевтың арнайы сыйлығы 50 орындық автобус автокөлігінің кілтін «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің ұжымына табысталды.
КІТАПХАНА САЛАСЫ
Абай ауданында 1 аудандық, 9 ауылдық кітапхана, барлығы 10 кітапхана оқырмандарды кітаппен қамтамасыз етіп отыр. Жалпы штат саны 26,5 бірлікті құрайды.
Кітап қоры – 152519, қазақ тілінде – 106668, оқырман саны – 7890 адам. Келушілер саны – 86695. Кітап берілімі – 146115 дананы құрайды. Абай аудандық М.Әуезов атындағы кітапханалар жүйесінде 2024 жылдың 6 айында:
Барлығы жыл басынан бері 143 іс-шара өткізілді, оның 129-ы офлайн, 14-і онлайн форматындағы шаралар. «Оқитын ұлт» жобасы аясында 104 іс-шара өткізілді. Мәдени шараларға қамтылған халық саны – 360 адам.
СПОРТ САЛАСЫ
2024 жылы аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны 5810 адам, ол жалпы халық санының 41,9% құрайды.
Бүгінгі күні 27 спорттық нысандар бар, олар: 2 спорт кешені, 10 хоккей алаңы, 1 жүзу бассейні, 1 Ипподром, 13 жазықтық құрылымдар бар.
19 спорт залдар: 12 мектептің спорт залдары, 4 спорт кешенінің спорт залдары (күрес залы, бокс залы, жаттығу залы және ойын залы), 1 спорт зал ескі спорт мектебінің ғимараты (көркем гимнастика залы) және 2 спорт зал Құндызды ауылында (күрес залы мен жаттығу залы). Бұл спорт нысандарының барлығы бүгінгі күні халық үшін қолжетімді.
2024 жылы Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің жоспарына сәйкес 50-ге жуық спорттық іс-шаралар енгізілген.
2023-2024 жылдары «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша Көкбай ауылдық округінде спорт модулінің құрылысы жүргізілуде. Мердігер: «ГрадСтройСервис» ЖШС. Жоба құны 521 264 млн.теңге. Құрылыстың салыну мерзімі - 2023 жылдың мамыр-қыркүйек айлары, 2024 жылдың 3 тоқсаны.
Кәкітаев Алтынбек Серікұлы Абай ауданынан шыққан Сурдо Дзюдодан тұңғыш Әлем чемпионы атанды.
Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерей тойына арналған «Ашамай» ұлттық спорт түрлерінен 9 спорттық шара өткізілді. (топ бәйгеге, жорға жарысы, аламан бәйге, көкпар, асау үйрету, жамбы ату, теңге алу, аударыспақ, қазақ күресі өгіз палуан және түйе палуан).
ЖАСТАР САЯСАТЫ
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 120 орындық зал, дыбыс жазу орталығы жұмыс жасауда.
Жастар орталығының 2024 жылға бюджеті 37 млн 603 мың теңге, оның ішінде жастар саясатын іске асыруға 4 млн 510 мың теңге бөлінді.
Аудан бойынша статистикалық мәліметке сәйкес 14-35 жас аралығында жиыны 4428 жас бар.
Абай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға арналған мемлекеттік жастар саясатының орындалу жоспарында «Жастар ұйымдарын дамыту», «Волонтерлық бағыт», «Отбасылармен жұмыс», «ЖРО әлеуетін арттыру», «Тәуелділіктің алдын-алу» және «Жастарды жұмыспен қамту» бағыттары бойынша жиыны 90 шара қамтылған.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
Абай ауданы полиция бөлімінің 2024 жылдың 5 айдың жұмыс қорытындысы бойынша 9 қылмыс тіркеліп 75 пайызға ашылған. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың тіркелуі 15 қылмысқа төмендеген.
Қылмыс түрлеріне тоқталатын болсақ, 2024 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша 1 ауыр қылмыс тіркеліп 100 пайызға ашылған.
Биылғы 9 қылмыстың 3 мал ұрлығы. Мал ұрлығының алдын-алу мақсатында 2024 жылы 5 рет аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, мал бағуды ұйымдастыру және жылқы малдарына GPS қондырғысын орнату туралы ұсыныс білдірілген болатын. Қазіргі уақытта аудан бойынша 34 шаруа қожалық иелері және 20 аудан тұрғындары осы қондырғыны жылқы малдарына орнатты.
Ауылдық округ әкімдерімен және шаруа қожалық жетекшілеріне түнгі уақытта көлік жарығымен шағылысатын ленталар тағу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.