ХАБАРЛАМА
2024 жыл 19 мамырда Абай ауданы Медеу ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Абай ауданы Медеу ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияның хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Медеу сайлау округі бойынша
Медеу ауылдық округі әкімінің сайлауы
Медеу сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 207 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 169 дауыс берді.
Медеу ауылдық округінің әкімі болып Кеңесбекұлы Еркебұлан сайланды, 1989 жылы туған, Медеу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Абай облысы, Абай ауданы, Медеу ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2024 жылғы 20 мамырдағы шешімімен Абай ауданы Медеу ауылдық округі әкімі болып сайланған – Кеңесбекұлы Еркебұланды тіркеді.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы