2023 жылдың 5 қараша күні Абай ауданының әкімінің сайлауы өтті. Аталыш науқанда «Ауыл» партиясы атынан өз кандидатурамды ұсынып, сайлау алды бағдарламамды халықтығ қолдау нәтижесінде Абай ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым. 6 қарашадан бастап ресми түрде Абай ауданының әкімі орынына отырып, өзі жұмысын бастадым. Осы уақыт аралығында Абай ауданында атқарылған іс шаралармен таныстырып, баяндама жасауға рұқсат етіңіздер.
«15 қараша – Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің күніне» орай салтанатты жиын өтіп, сала қызметкерлерін және аудан тұрғындарын мерекемен құттықтадым. Сондай-ақ, қаржы саласының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстадым.
Әлеуметтік осал топ өкілдеріне тұрғын үйлердің кілттерін табыстау рәсімі ұйымдастырды. Жаңадан салынған тұрғын үйлер Көкбай, Кеңгірбай би, Қарауыл, Қасқабұлақ, Саржал,Құндызды ауылдық округтерінде бой көтеріп, халық игілігіне ұсынылды. Әлеуметтік осал топ өкілдеріне арнайы барып, тұрғын үйлердің кілттерін табыстап, өз құттықтауымды жеткіздім.
Тәуелсіздік мерекесіне орай 6 желтоқсан күні ардагерлер арасында кіші футболдан, 12 желтоқсан ерлер арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді. Аудан жастарының арасында бәсекеге қабілетті, биіктерді бағындырып, өз саласы бойынша жетістіктерге жетіп жүрген жастарды «Жыл үздігі 2023» атты шара өткізіп, сол шарада аудан бойынша әр сала қызметкерлерін марапаттап, Жыл үздігін анықтады.
2024 жылдың қаңтар айының 27 күні «Абай ауданында туризмді дамытудың жаңа концепциялары, мүмкіндіктері және даму инструменттері» тақырыбында форум өткізілді. Жан жақтан келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері форум аясында көптеген жұмыстарды жоспарлады.
« 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне» 35 жыл толуына орай жоспарлы іс-шаралар өткізілді. Мерекелік жиын өтіп, аудан әкімі ауған соғысының ардагерлерін құттықтап, медальдармен марапаттады.
«1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай аудандық басылымдар мен әлеуметтік желілерде аудан әкімінің құттықтауы жарияланды. Сондай-ақ барлық сала бойынша адал қызмет атқарып, елі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс білдірді.
«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай 5 наурызда әйелдер арасында волейболдан аудандық спартакиада, 6 наурыз «Маска» шоуы өткізілді. 6-7 наурыз күндері барлық әйелдер қауымына гүл шоқтары табысталды. 6 наурыз күні «Жер бесігін тербеткен ана» атты мерекелік шара өтті. Сонымен қатар ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.
«Ұлы дала ұлағаты» тақырыбымен 2024 жылдың ақпан-наурыз айларында аудан көркемөнерпаздарының өнер байқауы өткізілуде.
Бүгінгі таңда Абай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 965 оқушы спорттың 10 түрі бойынша жаттығады. Атап айтқанда бокс, волейбол, дзюдо, жүзу, таэквондо ИТФ, үстел теннисі, футбол, көркем гимнастика, қазақ күресі және тоғызқұмалақ. Сонымен қатар, барлық 9 ауылдық округтерде спорт мектептерінің филиалдары жұмыс істейді.
Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің жоспарына сәйкес биылғы жылға 50-ге жуық спорттық іс-шаралар жоспарланған. 2023 жылдың қараша айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін ересектер мен жасөспірімдер арасында аудандық деңгейдегі 15 спорттық іс-шаралар өткізілді.Атап айтатын болсақ,
1.Абай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдығына арналған футзалдан 2007-2008 ж.т жасөспірімдер арасында аудандық жарыс.
2.Абай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдығына арналған волейболдан 2010-2011 ж.т жасөспірімдер ұлдар арасында аудандық жарыс.
3.Абай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдығына арналған футзалдан ерлер арасында аудандық жарыс.
4.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ересектер арасында көкпардан аудандық жарыс.
5.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған 2011-2012, 2013-2014 ж.т жасөспірім ұлдар және 2010-2012 ж.т жасөспірім қыздар арасында қазақ күресінен аудандық жарыс.
6.Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл және Абай ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай 40 жастан жоғары ерлер арасында ашық аудандық жарыс.
7.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 40 жастан жоғары ерлер арасында футзалдан аудандық жарыс.
9.Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына орай ерлер мен әйелдер арасында (MIX) волейболдан аудандық жарыс.
10.Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына орай Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін допты хоккейден ерлер арасында аудандық жарыс.
11.Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына орай Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін футзалдан ерлер арасында аудандық жарыс.
12.Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына орай Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін волейболдан ерлер арасында аудандық жарыс.
13.Асық атудың «бес табан» және «бес асық» түрлерінен жасөспірімдер арасында Абай ауданының жекелей чемпионаты.
14.Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына орай Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін волейболдан әйелдер арасында аудандық жарыс.
15.Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына орай ерлер арасында бильярдтан аудандық жарыс.
Абай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің 2023 жылдың қараша айынан бастап 2024 жылдың 19 наурыз аралығында атқарылған жұмыстар бойынша
Ауданымыздың негізгі саласы – ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы.
Абай ауданында 01.03.2024 жылға 70 461 МІҚ, 119 752 қой ешкі малы және 62 351 бас жылқы малы тіркелген.
Мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының саны – 541.
Ауданда асыл тұқымды шаруашылық саны 44, оның ішінде қоймен - 22, ірі қарамен - 21, жылқымен - 1 шаруашылық айналысады.
2023 жылдың желтоқсан айында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ш.З. Байбековтың ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша бақылау тексеру жүргізу және «деректерді теңестіру» арқылы сектордағы нақты жағдайды анықтау бойынша берген тапсырмасына және бекіткен жұмыс жоспарға сәйкес, аудандық және ауылдық жұмыс топтары құрылып 9-20 желтоқсан аралығында жиыны 2113 аула, 536 шаруа қожалықтарын толығымен аралап, нақты мал басын анықтап, ауыл шаруашылығы саласына жауапты бас мамандар жиынтық деректерді аудандық статистика бөліміне уақытылы өткізді.
Аудан бойынша 2024 жылғы 1 наурызға 1403 шағын орта бизнес субъектілері жұмыс істеп тұр, 67-сі азық-түлік дүкені.
Ауданда азық-түлік дүкендеріне күнделікті ауылдық округ әкімдері, және ауылдық әкімшіліктің мамандары мониторинг жүргізіп отыр.
Бүгінгі күнге, 67 дүкен бойынша 55 рейд жүргізілді, 67 дүкен иелерімен халыққа қажетті негізгі 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларына үстеме құнын көтерме сауда орнынан сатып алған бағадан 15%- дан асырмау туралы үш жақты келісім жасап, меморандумға қол қойылды, әзірше бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында қараша айынан бастап аудан орталығы Қарауыл жиыны 3 жәрмеңке өтті.
Желтоқсан айының 22 күні Қарауыл ауылында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде «ARDAGER»-дің өңімдері, ауылдардан ет-сүт өнімдері, Бородулиха өңірінің таза балы, «Ай-Ар» ЖШС-нен арпа, кебек жемі саудаланып, аудан тұрғындарына арзан бағада сатылды.
«8 наурыз» халықаралық әйелдер күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды, жәрменкеде әр түрлі көкөніс түрлері (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат)- жиыны 5 тонна, қой еті – 2 ұша, тауық еті – 170 кг, сүт өнімдері – жиыны 171 кг, әртүрлі балық түрлері, жем (кебек) – 20 тонна, жұмыртқа – 1800 дана, Бородулиха ауданының балы – жиыны 100 литр, барлығы төмен бағамен саудаланды.
Наурыз мерекесі қарсаңында, Рамазан айының құрметіне 18 наурыз күні азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде: әр түрлі көкөніс түрлері (картоп,пияз, сәбіз, қырыққабат),ет -сүт өнімдері, жылқы, сиыр, қой еттері, әртүрлі балық түрлері, тауық еті, жұмыртқа және жем (кебек) өнімдері сатылымда болды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ш.З.Байбековтың бекіткен кестесіне сәйкес 2023 жылдың 18 қараша күні және ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні «Северный» СЛО-да Абай ауданының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде өткен өнім сиыр еті – 2,8 тонна, жылқы еті 2,0 тонна, қой еті- 0,5тонна.
Абай ауданы 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштерінде оң нәтиже көрсетті.
2023 жылдың сонында облыс бойынша ұнның қымбаттауына байланысты облыс әкімдігі, ауыл шаруашылығы министрлігі және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰҚ АҚ арасында 1 сортты бидай ұнынан жасалған нан бағасын тұрақтандыру жөнінде үшжақты Меморандум жасалды.
Қазан – желтоқсан айларында ауданымыздың 16 наубайханасы жиыны 113 тонна (1 сортты бидай) ұнға өтінім беріп алды.
Нан бағасын қаңтар айының 1-не дейін төмендету керек болатын алайда кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннің нәтижесінде нан бағасын ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін 155 теңгемен ұстап тұрды, бүгінгі күнге нан бағасы 180 теңгені құрайды.
Әлеуметтік ұн алу бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен жұмыстар жүргізілуде.
Аудан бойынша 674 ауылшаруашылық техникалары тіркеуде тұр, оның 435 трактор, 199 тіркеме, 40 жол құрылыс техникалары. 2 трактор лизингке және өз қаражаттарына 24 млн 200 мың теңге сатып алынды.
-4 айда 12 техника тіркеуге қойылды, 12 техникалық құжат, 12 мемлекеттік номерлік белгі берілді.
-10 техника байқаудан өтті.
-1 техника кепілге қойылды.
-3 тракторист-машинист куәлігін алды, 4 тракторист-машинист куәлігі ауыстырылды.
Жер мәселесі бойынша:
Абай ауданының аумағында 9 ауылдық округ бойынша 11 елді мекен бар. Ауданның жалпы аумағы 2 009 391,0 гектар, оның ішінде: ауылшаруашылығы құрылымындарының пайдаланымындағы жер 1 275 193,0 га, елді – мекен жері 175 241,0 га, көлік, байланыс, өндіріс, қорғаныс және басқада ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жер 1446,0 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақ жері 6400,0 гектар , орман қорының жері 8522,0 гектар, аудандық жер қоры 535 343,0 га.
Абай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қазандағы №132 санды және Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы №9/11-VIII санды «Абай ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы бірлескен қаулы шешімі шығарылып, 6 ауылдық округтердің елді мекендерінің шекаралары және жайлаудағы жер учаскелері төмендегідей белгіленіп, бекітілді.
Құндызды ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 24 086,6 гектар, оның ішінде Құндызды ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 10 189,6 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 6544,5 гектар, 2-ші жер учаскесі 7352,5 гектар.
Архат ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 29 014,58 гектар, оның ішінде Архат ауылдағы елді мекенінің жер учаскесі 22 999,38 гектар, Орда елді мекеніндегі жер учаскесі 5515,2 гектар, жайлаудағы учаскесі 500,0 гектар.
Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 43 002,74 гектар, оның ішінде Қасқабұлақ ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 40 697,24 гектар, Бөрлі елді мекеніндегі жер учаскесі 2305,5 гектар.
Саржал ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 33 723,4 гектар, оның ішінде Саржал ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 30 411,6 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 258,2 гектар, 2-ші жер учаскесі 1633,0 гектар, 3-ші жер учаскесі 567,2 гектар, 4-ші жер учаскесі 396,5 гектар, 5-ші жер учаскесі 456,9 гектар.
Медеу ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 9875,4 гектар, оның ішінде Медеу ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 8302,6 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 1572,8 гектар.
Кеңгірбай би ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 17 304,7 гектар, оның ішінде Кеңгірбай би ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 8306,9 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 4461,8 гектар, 2-ші жер учаскесі 4536,0 гектар.
Қазіргі таңда төмендегі 3 ауылдық округтердің елді мекендерінің шекаралары мен жайлаудағы жер учаскелері белгіленіп, Абай ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы бірлескен қаулы шешімі шығару үшін, құжаттар 2024 жылдың 28 наурызында өтетін аудандық мәслихат сессиясына ұсынылды.
Олар төмендегідей: Қарауыл ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 50 010,0 гектар, оның ішінде Қарауыл ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 13 520,0 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 1550,0 гектар, 2-ші жер учаскесі 3200,0 гектар, 3-ші жер учаскесі 1150,0 гектар, 4-ші жер учаскесі 5300,0 гектар, 5-ші жер учаскесі 1400,0 гектар, 6-ші жер учаскесі 1100,0 гектар, 7-ші жер учаскесі 12 900,0 гектар, 8-ші жер учаскесі 8600,0 гектар, 9-ші жер учаскесі 1290,0 гектар.
Көкбай ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 48 106,0 гектар, оның ішінде Көкбай ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 12 000,0 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 1686,0 гектар, 2-ші жер учаскесі 5760,0 гектар, 3-ші жер учаскесі 1980,0 гектар, 4-ші жер учаскесі 1390,0 гектар, 5-ші жер учаскесі 9790,0 гектар, 6-ші жер учаскесі 15 500,0 гектар.
Тоқтамыс ауылдық округі бойынша жалпы алаңы 20 829,0 гектар, оның ішінде Тоқтамыс ауылындағы елді мекенінің жер учаскесі 7144,0 гектар, жайлаудағы 1-ші жер учаскесі 1620,0 гектар, 2-ші жер учаскесі 1350,0 гектар, 3-ші жер учаскесі 8167,0 гектар, 4-ші жер учаскесі 2548,0 гектар.
Аудан бойынша елді мекен жері 175241,0 гектар болған, 3 ауылға қосымша 71730,0 гектар жер қосылып, сонда елді мекен жері жиыны 277 448,8 болады.
2023 жылдың қараша желтоқсан айларында 8 жер учаскесі 11770,0 гектар, және 2024 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында 3 жер учаскесі 2100,0 гектар жер мемлекетке қайтарылып алынды
2023 жылдың қараша желтоқсан айларында 2 жеке тұлға елді мекен жерінен тұрғын үй құрлысын салу және қызмет көрсету үшін 0,3 гектар және және 2024 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында 2 тұлғаға пайдалану мақсаты тұрын үй салу және қызмет көрсету үшін өзегертіліп 0,2467 гектар жер телімдерін жеке меншікке сатып алды, бұдан түскен қаржы 656 968 теңге. Сонымен қатар елді мекен жерінен 3 жеке тұлға ғимаратқа қызмет көрсету үшін 0,0782 гектар телімдерін жеке меншікке сатып алды, бұдан түскен қаржы 231 504 теңге. Барлық түскен қажы 888 472 теңге.
2023 жылдың қараша желтоқсан айларында 3 жеке тұлғаға 0,2209 гектар және 2024 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында 1 жеке тұлғаға 0,1 гектар жер учаскелері жалға пайдалануға беріліп, келісім шарттары жасалып, жалгерлік төлемдері есептелді.
2023 жылы ауданда 536 шаруа қожалығы жұмыс істеп 1 156 100,0 гектар жерге иелік етсе, 26 жауапкершілігі шектеулі серіктестік иелігінде 99109,0 гектар жер бар. 6 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 15806,0 гектар жер иелік етуде.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауданымызда 2024 жылға 4 жоба арқылы 4 көшесіне 3,73 км орташа жөндеу және 3 ауылдың 5 көшесіне көше жарықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі:
Ауылдардағы көше жарығын ағымдағы жөндеу жұмыстары:
1.«Қасқабұлақ ауылындағы Достық көшесінің жарығын ағымдағы жөндеу» сметалық құны – 14 959,0 мың теңге. Қаржы толықтай бөлінді. Орындалу мерзімі сәуір-мамыр айлары.
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасынан бөлек, аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстары:
1.« Аудандық маңызы бар Қарауыл - Архат жолын орташа жөндеу 10 км». Сметалық құны – 528 803,2 мың теңге. Облыстық бюджеттен жобаға қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер – «Дерикар» ЖШС болып анықталды. Келісім шарт құны – 488 205,1 мың теңге. Орындалу мерзімі қазан айының соңына дейін.
2.«Аудандық маңызы бар Тоқтамыс ауылына кіре беріс жолын орташа жөндеу 10 км». Сметалық құны –638 185,4 мың теңге. Облыстық бюджеттен жобаға 319 000,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер – «Семей жолдары» ЖШС болып анықталды. Келісім шарт құны – 613 760,0 мың теңге. Орындалу мерзімі қыркүйек айының соңына дейін.
Сонымен қатар, облыстық маңызы бар Семей-Қарауыл 43-45, 71-74, 96-99, 106-112, 169-170 км аралықтарын, Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар 198-218 км аралығын, сонымен Аягөз-Қарауыл бағытында 15 км жолды орташа жөндеу жоспарда. Тапсырыс беруші облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.