2023 жылы Абай ауданы бойынша 11365 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
«Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін құжаттар 125 (баламалы), 1,1 % құрайды;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 369 мемлекеттік қызметтер, 3,24 % құрайды;
Электрондық түрде 10870 мемлекеттік қызметтер көрсетілді (ЭҮП – 9938, ол 87,44 % құрайды; Е-лицензиялау – 367, ол 3,22 % құрайды; көрсетілген қызметті берушінің ақпараттық жүйелері – 565, ол 4,97 % құрайды;) 95,64 % құрайды. 137 бас тарту тіркелді, барлығы негілделген.
2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша халыққа түсіндіру мақсатында ресми парақшаларда 10 тікелей эфир және 4 семинар өткізілді, жергілікті «Абай елі» газетіне мемлекеттік қызметтер бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында 12 мақала жарияланды.
2023 жылды мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында аудан әкімі аппараты, дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімі аппараттарының есептері аудан әкімінің ресми сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармағына, «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қағидасы туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 8 желтоқсан 2016 жылғы № 78 санды бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппаратында 2023 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 6 бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Аудан бойынша 9 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орналастырылған. Оның ішінде интернет желісі қосылған 6 ауылдық округте, қалғаны аудан орталығында орналасқан. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына жауапты мамандар бекітіліп, мемлекеттік қызметтерді алушыларға тиісті ақпараттарды ұсынып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.