«Қазпошта» АҚ бөлімшелеріндегі «БЖЗҚ» АҚ қызметтері

2018 жылдың 25 тамызында «Қазпочта» АҚ мен «БЖЗҚ» АҚ арасында «Қазпочта» АҚ кеңселерінде салымшылар мен БЖЗҚ алушыларына қызмет көрсету туралы агенттік келісімге қол қойылды. Бұл жобаның мақсаты - еліміздің шалғайдағы елді-мекен тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен қамту. Енді «Қазпочта» АҚ операторларына арналған тренингтен кейін зейнетақы қызметтері «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету орталықтары жоқ елді- мекендерде енгізілуде. Еліміздің 303 елд-мекенінің тұрғындары зейнетақы қызметін ұлттық почта операторы арқылы ала алады.

 

Біздің өңірде бұл келесі елді-мекендер:

  • Жарма ауданы: Шар қаласы, Әуезов ауылы, Жарма ауылы, Жарық ауылы, Жанғызтөбе ауылы;
  • Бородулиха ауданы: Новопокровка ауылы, Новая-Шульба ауылы, Жезкент ауылы;
  • Бесқарағай ауданы: Қарабас ауылы, Жетіжар ауылы;
  • Аягөз ауданы: Мамырсу ауылы (Сергиополь), Тарбағатай, Тарлаулы ауылы;
  • Үржар ауданы: Бестерек ауылы, Көлденең ауылы, Бақты ауылы, Қарабұта ауылы, Мақаншы ауылы.

 

Қазпошта бөлімшелерінде осы елді-мекендердің тұрғындары келесі қызмет түрлерін ала алады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін өзгерту/толықтыру (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы өзгерген кезде);
  • ақпараттандыру тәсілін өзгерту (анықтау) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін).

 

Жоғарыда аталған мүмкіндіктерді пайдаланудың түпкі нәтижесі – ауыл- аймақ тұрғындарының мемлекеттік қызметтердің тізбесі мен көлемін ұлғайтуға және оларды уақытылы ұсынуға септігін тигізу болып табылады. Яғни, «БЖЗҚ» АҚ «Қазпошта» АҚ-мен бірлесе отырып, ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» ауылдық елді-мекендерді дамыту жөніндегі міндетін өз кезегінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және  «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасының негізінде - ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, ауыл- аймақтардың инфрақұрылымын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне дейін жеткізу мақсатындағы өз міндеттерін шешуі болып табылады.

Сонымен бірге, біз азаматтардың назарын осы қызметтердің қазіргі эпидемиологиялық жағдайда ең өзекті екендігіне аударамыз, себебі, әр салымшы өз елді-мекенінен, тіпті үйден шықпай-ақ өзі туралы ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында өзгертуге немесе өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін бақылауға мүмкіндік алады.

 

 Бақылау бөлімінің басшысы                              Д.Толеуханов

 

Дата публикации
10 сентября 2020