Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы 5, 9 тармақтарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері айқындалсын.
- Абай аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы М. Нұрсұлтанұлы
Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы
№ /-VIІІ шешіміне 1 қосымша
Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
- Жалпы ережелер
- Осы Қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес әзірленді және Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
- Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – « Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
- Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
- Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейлі банктер арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
- Әлеуметтік қолдау Абай ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
- Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,197 (он бір бүтін жүз тоқсан жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы
№ /-VIІІ шешіміне 2 қосымша
Күші жойылған Абай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
- Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 49/7-VI «Абай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7260 болып тіркелген);
- «Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 49/7-VI «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 17/4-VIІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26412 болып тіркелген);
- «Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 49/7-VI «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 04 шілдедегі № 4/9-VIІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 96-18 болып тіркелген).