Қатты тұрмыстық қалдықтарды тасып шығару бойынша қызметтерді
көрсетуге арналған жария келісім шарт
Бұдан әрі «Қызмет көрсетуші» деп аталатын Абай ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Риза» КМК (БСН 110640022508), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Әділет департаментінде тіркелген Жарғы негізінде әрекет ететін директорының міндетін атқарушы Жұмағали Сырым Шыңғысұлы атынан, бір жағынан, үй-жайдың меншік иесі/жалдаушысы (жеке тұрғын үй, пәтер, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жатақхана бөлмесі), бұдан әрі "Тұтынушы"деп аталатын екінші жағынан, бұдан әрі 2024 жылғы 20 наурыздағы № 1 қабылданған өзара міндеттемелер туралы шартты назарға ала отырып, "Тараптар" деп бірлесіп аталады, көрсетілетін қызметті беруші мен "Абай облысы Абай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ арасында жасалған және ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің 339-бабын басшылыққа ала отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасып шығару бойынша қызметтер көрсетуге осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) төмендегілер туралы жасасты:
Шартта қолданылатын негізгі түсініктер:
1) «Қатты тұрмыстық қалдықтар», «ҚТҚ» - қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
2) «Коммуналды қалдықтар» - тұрғылықты жерлерде пайда болатын тұтыну қалдықтары, соның ішінде адам өмір сүруінің нәтижесінде, сонымен қатар оларға құрамы және пайда болу сипаты бойынша жақын өндіріс қалдықтары;
3) «Сұйық қалдықтар» - сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;
4) «Ірі габаритті қалдықтар» - өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және өзінің өлшемдері бойынша арнайы қоқыс шығаратын көліктермен тасымалдау мүмкіндігін жоққа шығаратын тұтыну және шаруашылық әрекет қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.);
5) «Қалдық шығаратын ұйым» - арнайы көлікпен коммуналды қалдықтарды шығарумен айналысатын ұйым;
6) «Құрылыс қалдықтары» - ғимаратттар мен жайларды немесе бөлек конструкторлық бөліктерді ажырату (монтаждан шығару) үрдісі кезінде, сонымен қатар құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезінде пайда болатын қалдықтар;
7) «Тариф» - ҚТҚ 1 куб метрін (м3) қайта өңдеу, орналастыру (жерлеу), қалдықтарды жинақтау орнынан оларды сақтау орындарына шығару құны;
8) "ҚТҚ тасып шығару" қызметіне ақы төлеу мөлшері – көрсетілетін қызметті беруші белгіленген тәртіппен бекіткен қолданыстағы тарифке, сондай-ақ Абай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/13 – VIII шешімімен бекітілген Абай ауданы бойынша ҚТҚ қалыптастыру және жинақтау нормаларына (бұдан әрі - ҚТҚ қалыптастыру және жинақтау нормалары) сәйкес белгіленген қызметке ақы төлеу құны;
9) «Контейнер алаңы (қоқыс жинағыш)» – тұрғын үйлерде/әкімшілік ғимараттарда (оның ішінде тұрғын емес үй-жайларда) орналасқан үй-жайлардың меншік иелері/жалдаушылары қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған жалпы орын (қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесінің бөлігі).
1.1. Осы Шарттың мәні көрсетілетін қызметті берушінің ҚТҚ - ны жинақтау үшін бөлінген орындардан (контейнерлік алаңдардан) тасып шығару, сорттау және көму бойынша өтеулі қызметтер көрсетуі және тұтынушының көрсетілген қызметтерге шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуі болып табылады.
1.2. Қызмет көрсетуші қоқыс шығаратын ұйым бола отырып, Абай ауданының аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет жеткізушіні анықтау бойынша ұтып алынған тендердің нәтижелері негізінде уәкілетті органдармен бекітілген учаскелерде тұтынушыға қызмет көрсетеді.
2.1. Қызметке ақы төлеу мөлшері жергілікті өкілді орган белгілеген тарифтің өзгеруіне сәйкес белгіленеді және өзгертіледі.
2.2. Көрсетілген қызметке ақы төлеу үй-жайда (пәтерде, үйде) нақты тұратын адамдардың саны есебінен не үй-жайда тіркелген адамдардың саны есебінен (егер ішкі істер органдарының немесе жергілікті атқарушы органның деректері бойынша үй-жайда тұратын адамдардың көп саны тіркелген жағдайда), ҚТҚ тасып шығару, сорттау және көму үшін төлем мөлшеріне сәйкес айына бір адамға жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші үй-жайда нақты тұрғаны туралы деректер бойынша бұрын белгіленгеннен көп адамды тіркеу фактісін анықтаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген адамдардың саны бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму үшін төлемақыны қайта есептеуді жүзеге асырады.
2.3. ҚТҚ шығару үшін төлем есепті айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей Қызмет беруші ұсынған төлем құжаттары негізінде есептік шотқа аудару немесе Қызмет көрсетуші кассасына ақша қаражаттарын енгізу арқылы жүргізіледі.
2.4. Тұтынушы және/немесе онымен бірге тұрып жатқан тұлғалар уақытша жоқ болған жағдайда, ол/олар жоқ болған уақытта Қызметтер үшін төлем алынбайды, бұл үшін еркін түрде өтініш және растаушы құжат (уақытшы тұру орны бойынша тіркеу анықтамасы, емделу мекемесінің анықтамасы, жұмыс орнынан анықтама, емделу-демалыс жолдамасы, қонақүйде тұрғаны үшін төлем құжаты және т.б.) берілуі тиіс. Төлемді қайта есептеуге алып келетін барлық өзгерістер Тұтынушы өтініш берген сәттен бастап жүзеге асырылады.
2.5. Жеңілдіктер қарастырылған:
- Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, тыл еңбеккерлеріне 100% ;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа"атағына ие болған батыр аналарға 100% ;
- I топтағы мүгедектерге 100% ;
- 80 жастан асқан зейнеткерлерге 100% ;
- 5 баладан асатын көпбалалы отбасыларға 100%, кейінгі балалар ҚТҚ шығарғаны үшін төлемнен босатылады;
3.1. Тұтынушы құқылы:
3.1.1. «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелер талаптарына сәйкес ҚТҚ уақытылы шығарылуына.
3.1.2. Қызметтерді төлем Өлшемі және Тарифтерін қолдануына қатысты ақпаратты;
3.1.3. Қызмет көрсетушінің қызмет көрсетудегі анықталған кемшіліктерді орынды мерзімде жоюға;
3.1.4. Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын тәртіпте және өлшемде Қызмет көрсетуші салдарынан болған Қызметтерді көрсетуде кемшіліктер нәтижесінен денсаулыққа және/немесе мүлікке тигізілген зардаптар мен залалдарды толық көлемде өтеуге;
3.1.5. Құқықтары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес соттық қорғалуына.
3.2. Тұтынушы міндетті:
3.2.1. Осы Шартта көрсетілген мерзімде Қызметтерді уақытылы және толық көлемде төлеу;
3.2.2. Көрсетілетін қызметті берушіге келу тәртібімен «ҚТҚ шығару» қызметінің төлем мөлшерін қайта есептеуге әкеп соғатын, оның ішінде тұрғын үй-жайда (пәтерде, үйде және т. б.) тұратын адамдардың саны өзгерген жағдайда кез келген өзгерістер туралы ақпаратты уақтылы ұсыну;
3.2.3. Тұрғын үйде тұратын нақты адамдар санын анықтау үшін Қызмет беруші өкіліне қажетті қолжетімділік пен жағдайларды қамтамасыз ету;
3.2.4. Тұрып жатқан тұрғын үйінен шығу күніне дейін азаматтық-құқықтық келісім-шарттарды жасаған жағдайда Қызмет берушімен толық есептесуді жүзеге асыру;
3.2.5. Одан пайда болған ҚТҚ-ны контейнерлік алаңдарға жинау;
3.2.6. Сұйық қалдықтардың құйылуын, құрылыс қалдықтары, топырақтың, ірі өлшемді қалдықтың, металл сығындыларын, ағаш кесіктерін, жапырақтар, бұтақтардың қоқыс жинау орындарына тасталуын болдырмау;
3.2.7. ҚТҚ және басқа қалдықтардың ол үшін белгіленбеген жерлерде (контейнерлік алаңдардан басқа) жинақталуын, сонымен қатар олардың жерге көмілуін, контейнерлерде, аулаларда және көшеде жануын болдырмау;
3.2.8. ҚТҚ мен өзге де қоқыстарды бұл үшін белгіленбеген орындарда (контейнер алаңдарынан басқа) жинауға, сондай-ақ оларды жерге көмуге, контейнерлерде, аулаларда және көшелерде жағуға, кәдеге жаратудың өзге де тәсілдеріне жол бермеу;
3.2.9. Сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қалдық жинаушыларға және контейнерлік алаңдардың қоршауларына күтіммен қарау;
3.2.10. Арнайы техниканың контейнерлік алаңдарға бөгетсіз қолжетуін қамтамасыз ету;
3.2.11. Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасымен және осы Шартпен қарастырылған басқа міндеттерді орындау.
4.1. Қызмет беруші құқылы:
4.1.1. Қызметтер үшін Тұтынушыдан уақытылы және толық көлемде төлемді алу, және төлемдерді төлеу мерзімін бұзған жағдайда Шартпен қарастырылған шараларды қабылдауға;
4.1.2. Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін Тұтынушы төлем мерзімдерін бұзған жағдайда, Қызмет беруші Тұтынушыдан борыш сомасын және есептелген айыппұл мөлшерін ықтиярсыз тартып алу жолымен Қазақстан Республикасы сот органдарына өзінің мүліктік қызығушылықтарын қорғау үшін жүгінуге құқылы.
4.1.3 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылатын қызметтердің тарифін, сондай-ақ Шарттың 3.2.2-тармақта көрсетілген мән-жайлар анықталған жағдайда «ҚТҚ шығару» қызметіне ақы төлеу мөлшерін өзгерту.
4.2. Қызмет беруші міндетті:
4.2.1. ҚТҚ әкету бойынша қызметтер көрсетуге өткізілген тендерге сәйкес өзіне бекітілген учаскелерді жоспарлы-тұрақты тазалауды жүзеге асыру;
4.2.2. Контейнерлерден қоқыс шығару көлігіне түсіру кезінде ағып түсетін қалдықтарды жинау;
4.2.3. Жүру сызбасы және өзгерген пайдалану жағдайларына сәйкес бағдар кестелерін құру және өзгерту енгізу;
4.2.4. Контейнерлердің сақталуы мақсатында ҚТҚ тиеген кезде құралдарға күтіммен қарау;
4.2.5. Тұтынушыға ҚТҚ шығарғаны үшін төлем жасау үшін төлем құжаттарын Қызметтер көрсетілген айдан кейінгі айдың 15 күніне дейін ұсыну;
4.2.6. Қызметтер көрсетуші төлемді нақты тұрып жатқан адамдарды анықтау актісі немесе азаматтарды тіркеу мәліметтері негізінде белгілеу;
4.2.7. Тұтынушыны ҚТҚ шығаруға Тарифтер мен Қызметтерді төлеу Өлшемінің өзгеруі, сонымен қатар ҚТҚ шығару шарттары өзгеруі туралы оларды енгізудің алдында кем дегенде 10 (он) күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен хабардар ету;
4.2.8. Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасымен және осы Шартпен қарастырылған басқа міндеттерді орындау.
5.1. Көрсетілетін қызметті беруші мен Тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
Көрсетілетін қызметті беруші Жария шарттың (бұдан әрі – шарт) негізінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - ҚР МК) 387 - бабы тәртібімен коммуналдық қызметтер (Бұдан әрі-қызметтер) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті беруші "Нотариат туралы" ҚР Заңының 14-1-тарауына және ҚР Азаматтық іс жүргізу заңнамасына (бұдан әрі – ҚР АІЖК) сәйкес қызметтерге ақы төлеу бойынша берешекті өтемеген жағдайда, берешекті өндіріп алу үшін нотариусқа, сондай-ақ сотқа жүгінуге құқылы. Сотқа жүгінген кезде атқарушылық жазба мен мемлекеттік бажды жасағаны үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар тұтынушыға "нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларын бекіту туралы" 233-бапқа, "Нотариат туралы" ҚР Заңының 30-1-бабына және ҚР АІЖК 109-бабына сәйкес жүктеледі.
ҚР АК 189-бабының 1-тармағына сәйкес, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікті ұстау ауыртпалығын көтереді және мұндай ауыртпалықты біржақты тәртіппен үшінші тұлғаға ауыстыра алмайды.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 367-бабының 3-тармағына сәйкес тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жария шарттар негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті өкілді орган бекіткен тарифтерге сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне ақы төлеуге міндетті.
2.3 тармағына сәйкес, ҚТҚ әкету үшін ақы төлеу төлем құжаттары бойынша есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Жауапкершілік жоғарыда аталған нормаларға сәйкес 26-шы күннен кейін туындайды.
5.2. Қызметтер уақтылы төленбеген жағдайда тұтынушы көрсетілетін қызметті берушіге өсімпұл төлейді. Өсімпұл есептеу есепті айдан кейінгі айдың 26-күнінен бастап кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген соманың 0,1% мөлшерінде, бірақ төленбеген соманың 10% - нан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.
5.3. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы Шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
6.1. Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар олардың сот алдында реттеу үшін барлық шараларды қабылдауға міндеттенеді.
6.2. Туындаған даулар бойынша келісімге қол жеткізілмеген кезде олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуге тиіс.
Бұл ретте шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот даулары Қызмет көрсетілетін тұтынушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша қаралуға жатады.
6.3. Шартпен реттелмеген барлық сұрақтар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі жағдайларымен, Абай ауданы аумағын қолданыстағы абаттандыру Ережелерімен және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілермен сәйкес қарастырылады.
7.1. Шарт 2024 жылғы 21 наурыздан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында, Абай ауданы әкімінің сайтында жариялана отырып күшіне енеді.
7.2. Шарт "Абай облысы Абай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-мен жасалған 2024 жылғы 20 наурыздағы № 1 қабылданған өзара міндеттемелер туралы шарт тоқтатылған күнге дейін қолданылады, ал соңғысы ұзартылған жағдайда сол мерзімге ұзартылған болып есептеледі.
8.1. Тараптар Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындамағаны немесе сәйкес дәрежеде орындамағаны үшін жауапкершіліктен еңсерілмейтін күш әсерінен туындаған жағдайы кезінде (апатты жағдайлар, апаттар, төтенше жағдай режимін енгізу және т.б., одан әрі – «Форс-мажор») босатылады, олар Шарт жасалғаннан кейін туындаған және оларды Тараптардың біреуі де алдын-ала мүмкін құралдармен болжай және болдырмай алмады.
8.2. Форс-мажор жағдайлары орын алған кезде Тараптар шарт міндеттерін сақтамағаны үшін материалды жауапкершіліктен босатылады, егер Форс-мажор жағдайына түскен Тарап Форс-мажор жағдайының орын алғаны туралы басқа Тарапты хабардар етсе және олар әрекет етуі тоқтаған сәттен бастап Шарт міндеттерін орындауды жалғастырған жағдайда.
8.3. Форс-мажор жағдайлары Қазақстан Республикасы Сауда-өндірістік палатасында куәландырылуы тиіс.
9.1. Тұтынушы қалдық шығаратын ұйыммен қалдықты шығаруға Шарт жасаудан және оны бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы емес, себебі өмір сүру барысында қалдықтар тұрақты пайда болады, орнатылмаған жерд қалдықтарды заңсыз тасталуын алдын-алу және қоршаған табиғи ортаға олардың жағымсыз әсер етуін болдырмау керек.
9.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 387 бабына сәйкес жария болып табылады.
10.1 Барлық сұрақтар бойынша мына байланыстар бойынша хабарласуға болады:
- 8-72252-9-18-10 – ШЖҚ «Риза» КМК диспетчерлік қызметі;
- @riza_abai_audany-Instagram ресми парақшасы;
- мекен-жайы: Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, 42.