Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

 

Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен

тәртібін айқындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                            6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
  2. Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/7-VІІІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 199-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
29 февраля 2024