ХАБАРЛАМА
2024 жыл 18 ақпанда Абай ауданы Саржал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Абай ауданы Саржал ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияның хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Саржал сайлау округі бойынша
Саржал ауылдық округі әкімінің сайлауы
Саржал сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 934 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 514 дауыс берді.
Саржал ауылдық округінің әкімі болып Сұңғат Асхатұлы Қадыров сайланды, 1990 жылы туған, «Барыс А С» ЖШС басшысы, «Ж.Үшкемпіров атындағы атындағы Семей қаласының №1 балалар жасөспірімдер спорт мектебі» КММ қазақ күресінен оқытушы-жаттықтырушы, Абай облысы, Абай ауданы, Саржал ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2024 жылғы 19 ақпандағы шешімімен Абай ауданы Саржал ауылдық округі әкімі болып сайланған – Сұңғат Асхатұлы Қадыровты тіркеді.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы