Абай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                                  2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес, Абай аудандық                              мәслихаты ШЕШТІ:       

 1.Абай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристік орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.          

 2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   

Абай аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           М. Нұрсұлтанұлы

 

Дата публикации
12 февраля 2024