2024-2026 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы

2024-2026 жылдарға арналған

Абай ауданының бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға  арналған  Абай ауданының бюджеті 1, 2 және 3  қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
    • кірістер – 4 551 219,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 188 439,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 16 273,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 000,0 мың теңге; 

трансферттер түсімі – 3 342 507,0 мың теңге;

  • шығындар – 4 551 219,0 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 44 296,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 103 376,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 59 080,0 мың теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;  

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – - 44 296,0 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 44 296,0 мың теңге;

қарыздар түсімі – 103 376,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 59 080,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Аудан бюджетіне 2024 жылға арналған әлеуметтік салық, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері 100 пайыз болып орындауға қабылдансын.
  2. 2024 жылға облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 1 117 863,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. Аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттерiне берілетін субвенциялар көлемi 2024 жылға 408 855,0 мың теңге сомасында белгіленсін, соның ішінде:

Қарауыл ауылдық округіне – 139 152,0 мың теңге;

Қасқабұлақ ауылдық округіне – 32 969,0 мың теңге;

Кеңгірбай Би ауылдық округіне – 33 908,0 мың теңге;

Көкбай ауылдық округіне – 37940,0 мың теңге;

Құндызды ауылдық округіне – 39278,0 мың теңге;

Архат ауылдық округіне – 29 853,0 мың теңге;

Саржал ауылдық округіне – 33 540,0 мың теңге;

Медеу ауылдық округіне – 32 756,0 мың теңге;

Тоқтамыс ауылдық округіне – 29 459,0 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві  26 165,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер көлемі 1 728 288,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2024 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер көлемі 496 356,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  4. Әлеуметтік сала мамандарын қолдау шараларын іске асыру үшін аудандық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттер көлемі 103 376,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  5. Аудандық бюджеттен 2024 жылға ауылдық округтердің бюджеттеріне нысаналы трансферттерді бөлу 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  6. Осы шешім   2024   жылдың   1     қаңтарынан    бастап  қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
05 февраля 2024