«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылдың 29 қарашадағы № 10/17-VIII Абай аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
7 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын:
7-1, 7-2 тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.»;
«7-2. Интраназалды зонд арқылы арнайы гиппоаллергенді стандартты қоспамен (ақуызсыз) тамақтанатын балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек 55 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін».
Лауазымы Аты-жөні