Абай ауданының 2023 жылдың 12 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Абай ауданының 2023 жылдың 12 айдағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Өнеркәсіп.  2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 7 321,9 млн. теңгенің тауарлық өнімдерін өндірген, өндірілген өнім көлемінің индексі 187,0 пайызды құрады. Оның ішінде 4 125,4 млн. теңге (индексі 170,5 пайыз) тау-кен өнімдері,  2 682,9 млн. теңге (индексі 580,0 пайыз) өңдеу өнеркәсібі.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 48 766,2 млн. теңге, индексі 104,7 пайыз.

Ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақтағы ет – 34 636,6 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда -104,2 пайызға, сүт – 51 622,0 тонна немесе 106,1 пайызға, жұмыртқа – 1 607,3 мың дана өндіріп, 106,0 пайызды құрады.

Бүгінгі күні аудан бойынша  114 561 бас қой-ешкі малы, 73 241 бас мүйізді ірі қара, 50 515  бас жылқы малдары қолда бар. (Қой-ешкі малы 91,6 пайызға, мүйізді ірі қара малы 96,5 пайызға, жылқы малы 91,6 пайызға кеміп отыр).

Инвестиция. Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге              7 814,0 млн.теңгені құрады, индексі 122,9 пайыз.

Бөлшек сауда көлемі 3 996,9  млн.  теңге, индексі 125,5 пайыз. Көтерме сауда көлемі 433,3 млн. теңге, индексі 68,0 пайыз.

          Тұрғын үй. Қаңтар-желтоқсан айларында жеке секторларда 6 308 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды, өсім қарқыны 91,6 пайыз.

5 164,6 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 114,2 пайызды құрады.

Кіші бизнес. Тіркелген кіші және орта кәсіпорындардың саны 1 542 бірлік. Жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпорындардың саны 1 447 бірлік, былтырғы жылмен салыстырғанда 104,3 пайызға өскен.

          Бюджет.  12  айда меншікті кірістер 1 214 786,0 мың теңгеге жоспарланып, 1 361 248,1 мың теңгеге орындалуды, орындалу 112,1 пайызға өседі.

12  айда бюджет шығысы 5 млрд. 275 млн. 261,8  мың теңгеге жоспарланып,   ол   5  млрд. 272 млн. 695,1 мың теңгеге орындалды, яғни  99,9 пайыз.

2023 жылдың бекітілген бюджет көлемі 4 млрд. 523 млн. 618,0  мың теңге, нақтыланған бюджет көлемі 5 млрд. 275 млн. 261,8  мың теңге.

Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 249 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 4,5 пайыз. Жаңадан тұрақты 535 жұмыс орыны ашылды. Қоғамдық жұмысқа 285 адам тартылды.  Орташа еңбек ақы  188 721 теңге, 2022 жылмен салыстырғанда 99,0 пайыз.

 

 

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                                 Қ.Қариев

Дата публикации
31 января 2024