Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес анықталсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы                                                                 Н.Нұрсұлтанұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

шешіміне 1 қосымша

 

 

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

 

  1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
  2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

шешіміне 2 қосымша

 

 

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

 

 

№

Атауы

1

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар.

2

 "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар.

 

Дата публикации
30 января 2024